KASE және AIFB исламдық қаржыландыру саласында күш біріктіреді

Қазақстан қор биржасы (KASE) және исламдық қаржы және бизнес қауымдастығы (AIFB) исламдық қаржыландыру және капитал нарығы саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат тараптардың исламдық қаржы құралдарын дамыту, сараптама алмасу, нарыққа қатысушылардың хабардар болуын арттыру және бірлескен сараптамалық бастамаларды іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылын көздейді.
KASE үшін AIFB-пен ынтымақтастық Қазақстандағы ислам капиталы нарығының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Биржа ақпараттың ашықтығын, қолжетімділігін арттыруға және инвесторлық базаны дамытуға бағытталған бастамаларды іс жүзінде енгізу үшін қажетті инфрақұрылымға және нарық қатысушыларына қолжетімділікке ие.
Тараптар исламдық қаржыландыруды дамыту және Қазақстанда исламдық капитал нарығын одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасау мәселелері бойынша өзара іс қимылды жалғастыруға ниетті.
Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығы (AIFB) - исламдық бизнес пен қаржы қағидаттарын дамытуды мақсат ететін, сондай-ақ сала мамандарының, кәсіпкерлердің, ғалымдардың және индустрияның басқа да қатысушыларының басын қосатын коммерциялық емес ұйым.
Басқа іс-шаралар







