KZ
RU
EN
13 шілде 2026, 00:03
KZ
RU
EN
Кіру

Жапонияда өткен ASEAN+3 форумында KASE облигациялар нарығын дамыту мәселелерін талқылады

#Конференциялар мен форумдар
08 шілде 2026

Қазақстан қор биржасының (KASE) және KASE клиринг орталығының (KACC) делегациялары Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) бірлесіп Жапонияның Саппоро қаласында өткен ASEAN+3 облигациялар нарығының 46-форумына (ABMF) қатысты.

Іс-шара өңірлік борыштық нарықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін ASEAN+3 елдерінің орталық банктерінің, реттеушілерінің, қор биржаларының өкілдерін және нарықтың кәсіби қатысушыларын біріктірді.

📌 Форум аясында Қазақстанның облигациялар нарығының қазіргі жай-күйі мен оны дамытудың негізгі бағыттары таныстырылды. KASE-нің қатысуымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ҚНРДА, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі (KCSD) бірлесіп  Азия даму банкінің қолдауымен дайындаған Қазақстан Республикасының облигациялар нарығы жөніндегі алғашқы кешенді анықтамалық – Bond Market Guide for Kazakhstan құжатына ерекше назар аударылды. Құжат ASEAN+3 Bond Market Guide сериясына енгізіліп, халықаралық инвесторлар мен нарықтың кәсіби қатысушылары үшін негізгі анықтамалық басылым болып табылады.

Форумға қатысушылар тәжірибе алмасып, XBRL стандартын енгізуді, трансшекаралық есеп айырысу инфрақұрылымын (Cross-Border Settlement Infrastructure), сондай-ақ тұрақты қаржыландыру (ESG) саласындағы бастамаларды қоса алғанда, қаржы нарықтарының цифрлық инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады.

KASE мен KACC-тың Форум жұмысына қатысуы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанның капитал нарығын өңірлік қаржы нарықтарымен интеграциялауды дамытуға ықпал етеді. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы ASEAN+3 Bond Market Forum (ABMF) форумында бақылаушы мәртебесіне ие.

🤝 Іс-шара Азия даму банкінің (ADB), Киото университетінің және Оңтүстік-Шығыс Азияны зерттеу орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.ABMF форумы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығына (ASEAN) мүше 10 мемлекетті, сондай-ақ Қытай, Жапония және Корея Республикасы елдерін біріктіреді.

Басқа іс-шаралар

Жапонияда өткен ASEAN+3 форумында KASE облигациялар нарығын дамыту мәселелерін талқылады08 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Қазақстан қор биржасы қалай жұмыс істейді: KIMEP University студенттеріне арналған KASE академиясының дәрісі07 шілде 2026#Оқыту
KASE Қытайдың институционалдық инвесторларына Қазақстанның капитал нарығын таныстырды07 шілде 2026#Ынтымақтастық
Лизинг портфелі 2,3 млрд теңгеге жетті: KASE алаңында Garanti Leasing қатысуымен Эмитенті күні өтті03 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ-тан алғыс хаттар алды01 шілде 2026#Рәсімдер
KASE капитал нарығын дамыту жөніндегі негізгі бастамаларды талқылауға қатысты01 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Эмитент - Capital Leasing Group күні: активтер көлемі 34 млрд KZT-ге жетті01 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Тұрақты даму облигациялары нарығын дамыту: KASE мен CAIER меморандумға қол қойды29 маусым 2026#Конференциялар мен форумдар