Сауда-саттық көлемінің өсуі, жаңа эмитенттер және цифрлық активтер: KASE мен KACC қызметінің бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы

2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның биржа нарығы тұрақты өсім көрсетті. KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 261,9 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49 % өсті.
📈 Бірінші жартыжылдықтың негізгі қорытындысы:
* KASE индексі жыл басынан бері 9,7 % өсті;
* акциялар нарығының капиталдандырылуы 47,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды;
* 29 жаңа эмитент листинг рәсімінен өтті;
* Биржаның сауда-саттық тізімдерінде 306 эмитенттің 1 015 мемлекеттік емес бағалы қағазы ұсынылған.
Нарықтың негізгі көрсеткіштерінің өсуімен қатар бірінші жартыжылдық капитал нарығы инфрақұрылымын дамытудағы маңызды кезең болды.
Есепті кезеңде KASE:
🔹 Қазақстандағы KASE индекстеріне негізделген алғашқы ETF-пен сауда-саттықты іске қосты;
🔹 цифрлық қаржы активтері платформасының және цифрлық активтер сауда платформасының операторы мәртебесін алып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті тізілімдеріне 001 тіркеу нөмірімен енгізілді;
🔹 Bitcoin, Ethereum мен Solana-ға негізделген ETF-ті листингке енгізді;
🔹 KAST атты жеке подкастын іске қосты;
🔹 инвесторлар мен БАҚ өкілдеріне арналған білім беру жобаларын дамытуды жалғастырып, жетекші шетелдік биржалармен халықаралық ынтымақтастықты нығайтты.
📌 KASE-нің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы туралы толығырақ осы сілтеме арқылы оқи аласыз.
Басқа іс-шаралар















