KZ
RU
EN
2 қыркүйек 2026, 11:43
KZ
RU
EN
Кіру

KASE және PSX Қазақстан мен Пәкістанның капитал нарықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтады

#Ынтымақтастық
17 шілде 2026

2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Pakistan Stock Exchange (PSX) Қазақстан мен Пәкістанның капитал нарықтары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

"Бұл келісімнің маңызы зор деп санаймыз, өйткені біздің биржалар ынтымақтастықты дамытуға, білім мен тәжірибе алмасуға, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға және перспективалы бастамаларды бірлесіп іске асыруға ұмтылады", - деп атап өтті KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

Сондай-ақ ол Қазақстан қор биржасы үшін қарқынды дамып келе жатқан әрі қызықты нарықтардың бірі саналатын Пәкістан қор биржасымен әріптестік қарым-қатынас орнатудың маңызы зор екенін айтты.

"KASE-ден көп нәрсе үйренуге болатын бағыттардың бірі - корпоративтік облигациялар нарығы. Корпоративтік борыш нарығын дамыту - бүгінгі таңда біздің басым бағыттарымыздың бірі", - деді PSX бас директоры Фаррух Сабзвари.

Бұдан бөлек, Фаррух Сабзвари PSX бүгінде белсенді түрде дамытып жатқан бағыттардың бірі - трансшекаралық ETF-терді дамыту бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылық білдірді.

Қазақстан қор биржасы мен Пәкістан қор биржасы арасындағы әріптестік екі елдің эмитенттері, инвесторлары және нарықтың кәсіби қатысушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Басқа іс-шаралар

Жүйелі түрде қалай инвестициялауға болады: Батыр Елемесінің жеке тәжірибесі28 тамыз 2026#Оқыту
KASE × Ant Digital Technologies: цифрлық инфрақұрылым үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу27 тамыз 2026#Ынтымақтастық
KASE БҰҰ Жаһандық шартына қосылды13 тамыз 2026#Ынтымақтастық
KASE капитал нарығындағы ESG рөлін күшейтуде11 тамыз 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Digital Assets Platform платформасымен бірге Қазақстанның цифрлық активтер нарығын дамыту31 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE және PSX Қазақстан мен Пәкістанның капитал нарықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтады17 шілде 2026#Ынтымақтастық
Инвестициялауды үйрену енді бұрынғыдан да оңай: KASE Academy жаңа білім беру платформасын іске қосты15 шілде 2026#Оқыту
Сауда-саттық көлемінің өсуі, жаңа эмитенттер және цифрлық активтер: KASE мен KACC қызметінің бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы14 шілде 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер