KZ
RU
EN
3 тамыз 2026, 03:18
KZ
RU
EN
Кіру

Лизинг портфелі 2,3 млрд теңгеге жетті: KASE алаңында Garanti Leasing қатысуымен Эмитенті күні өтті

#Конференциялар мен форумдар
03 шілде 2026

Қазақстан қор биржасының (KASE) алаңында өткен "Garanti Leasing" ЖШС бойынша Эмитент күнінде Қазақстанның лизинг нарығының көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 3,4 трлн теңгеге жеткені айтылды. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда шамамен алты есе артқан. Компания өкілдерінің айтуынша, жоғары өсу қарқынына қарамастан, саланың әрі қарай дамуына әлеуеті әлі де зор.

Кездесу барысында нарықтың жеке секторын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. "Garanti Leasing" мәліметінше, бүгінде лизинг портфелінің шамамен 93%-ы мемлекеттік институттарға тиесілі. Сонымен қатар жеке лизинг компаниялары да бизнес көлемін белсенді түрде ұлғайтып келеді.

Компания қызметінің нәтижесін бас директор әрі "KazLeasing" қауымдастығының төрағасы Тимур Нурашев таныстырды. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша компанияның лизинг портфелі 2 310 млн теңгеге жетті, қолданыстағы шарттар саны 200-ден асты, ал мерзімі өткен берешек деңгейі (NPL 30+) 0% деңгейінде қалды. Компанияның стратегиялық мақсаты - Қазақстандағы жеке лизинг компанияларының үздік бестігіне кіру.

Кездесу барысында компанияның қаржылық көрсеткіштері, бизнесті одан әрі дамыту жоспарлары, KASE алаңында облигациялар шығару арқылы қаржыландыру мәселелері, сондай-ақ Қазақстандағы лизинг нарығын дамыту перспективалары талқыланды.

Басқа іс-шаралар

KASE және PSX Қазақстан мен Пәкістанның капитал нарықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтады17 шілде 2026#Ынтымақтастық
Инвестициялауды үйрену енді бұрынғыдан да оңай: KASE Academy жаңа білім беру платформасын іске қосты15 шілде 2026#Оқыту
Сауда-саттық көлемінің өсуі, жаңа эмитенттер және цифрлық активтер: KASE мен KACC қызметінің бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы14 шілде 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
Жапонияда өткен ASEAN+3 форумында KASE облигациялар нарығын дамыту мәселелерін талқылады08 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Қазақстан қор биржасы қалай жұмыс істейді: KIMEP University студенттеріне арналған KASE академиясының дәрісі07 шілде 2026#Оқыту
KASE Қытайдың институционалдық инвесторларына Қазақстанның капитал нарығын таныстырды07 шілде 2026#Ынтымақтастық
Лизинг портфелі 2,3 млрд теңгеге жетті: KASE алаңында Garanti Leasing қатысуымен Эмитенті күні өтті03 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE капитал нарығын дамыту жөніндегі негізгі бастамаларды талқылауға қатысты01 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар