KZ
RU
EN
16 маусым 2026, 13:51
KZ
RU
EN
Кіру

KASE алаңында Кредиттік серіктестіктер қауымдастығы мүшелері үшін капитал нарығына шығу мәселелері бойынша семинар өтті

#Оқыту
15 мамыр 2026

Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында Кредиттік серіктестіктер қауымдастығымен бірлескен іс-шара өтті. Кездесу кредиттік серіктестіктер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің (ШОБ) бағалы қағаздар нарығы арқылы қаржыландыру тарту мүмкіндіктеріне арналды.

Қатысушылар кредиттік серіктестіктердің қор нарығына шығу перспективаларын, облигациялық қаржыландыру құралдарын, листинг талаптарын, сондай-ақ ақпаратты ашып көрсету және эмитенттердің ашықтығын арттыру тетіктерін талқылады.

Кредиттік серіктестіктер қауымдастығы АӨК Басқарма төрағасы Альмира Сағат бүгінгі таңда кредиттік серіктестіктер үшін нарықтың өзгермелі жағдайларына бейімделу маңызды екенін атап өтті.

"Бізге қаржы институттары ретінде қазіргі және әлеуетті қарыз алушылар үшін қосымша қаржыландыру көздерін іздеу қажет. Қазір тұрақты даму моделін қалыптастырып, капитал нарығының жаңа мүмкіндіктерін пайдалану аса маңызды", – деді ол.

Alatau City Invest компаниясының Инвест банкинг директоры Нұргүл Амирханова облигациялар шығару және эмитенттерді капитал нарығында сүйемелдеу бойынша практикалық тәжірибесін бөлісті.

"Облигациялар тек ірі корпорацияларға арналған құрал емес. Қазақстанның капитал нарығына шығу ШОБ үшін де қолжетімді, ал бағалы қағаздар нарығы бүгінде ең икемді әрі сұранысқа ие қаржыландыру көздерінің біріне айналып келеді", – деп атап өтті Нұргүл Амирханова.

KASE Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі кеңесшісі Ермек Мажекенов өңірлер экономикасы мен кәсіпкерлікті дамытудағы кредиттік серіктестіктердің маңыздылығына тоқталды.

"KASE жаңа эмитенттер тобының пайда болуын құптайды және тек сауда алаңы ретінде ғана емес, қор нарығын экономиканың нақты секторы үшін түсінікті әрі қолжетімді етуге көмектесетін серіктес ретінде де қолдау көрсетуге дайын", – деді Ермек Мажекенов.

Кездесу соңында семинарға белсенді қатысқаны және қаржы секторы мен кредиттік серіктестіктер арасындағы диалогты дамытуға қосқан үлесі үшін қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Басқа іс-шаралар

KASE-де цифрлық қаржы активтерін шығаруға және олардың айналысына арналған платформа таныстырылды11 маусым 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
AI бизнес пен инвестицияны қалай өзгертеді – KASE Академиясы мен Silkroad Angels осы тақырыпта воркшоп өткізді10 маусым 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Shenzhen Stock Exchange биржасымен стратегиялық серіктестікті нығайтуда29 мамыр 2026#Ынтымақтастық
Нарықтар интеграциясы: KASE мен Армения қор биржасы (AMX) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды29 мамыр 2026#Рәсімдер
KASE Шэньчжэньдегі жаһандық форумда Қазақстанның капитал нарығын дамыту жөніндегі бастамаларын таныстырды29 мамыр 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE акционерлері 2025 жылғы қаржылық есептілікті және пайданы бөлуді бекітті28 мамыр 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
Қазақстан қор биржасында (KASE) тәуекел, кірістілік және капиталдың сақталуы арасындағы теңгерімді қалыптастыру мәселелері талқыланды25 мамыр 2026#Оқыту
Әділ Мұхамеджанов Solana Summit Kazakhstan конференциясында KASE цифрлық активтер платформасының іске қосылғаны туралы айтты22 мамыр 2026#Конференциялар мен форумдар