KZ
RU
EN
16 маусым 2026, 14:42
KZ
RU
EN
Кіру

KASE Қазақстанның капитал нарығының болашағын талқылауға қатысты

13 мамыр 2026

2026 жылғы 13 мамырда Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов ҚР Президентінің тапсырмалары аясында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Oliver Wyman компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған капитал нарығы мен сақтандыру саласын дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстелге қатысты.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА), Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшылығы, сондай-ақ инвестициялық компаниялардың, екінші деңгейлі банктердің, сақтандыру ұйымдарының өкілдері және нарықтың өзге де кәсіби қатысушылары қатысты.

Қатысушылар Қазақстанның капитал нарығы тұрақты өсім көрсетіп отырғанын, алайда оның әлеуеті әлі толық іске асырылмағанын атап өтті. Қазіргі таңда акциялар нарығының капитализациясы ЖІӨ-нің шамамен 24%-ын құрайды, ал салыстырмалы елдерде бұл көрсеткіш 40-60%-ға дейін жетеді.

Негізгі мәселелердің бірі шағын және орта бизнесті (ШОБ) қаржыландыруды дамыту болды. Жаңа алаңдар мен құралдар іске қосылғанына қарамастан, компаниялар қор нарығына шығудан гөрі банк несиелеріне жиі басымдық береді. Қатысушылар капитал нарығы құралдары арқылы компаниялардың қаржы тартуына анағұрлым қолайлы жағдай жасау қажеттігін, оның ішінде рәсімдерді жеңілдету, реттеушілік кедергілерді азайту және эмитенттерді қолдау құралдарын дамыту маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ нарықтағы өтімділіктің төмендігі, институционалдық инвесторлар санының шектеулілігі және халықтың қаржылық әрі инвестициялық сауаттылығы деңгейінің жеткіліксіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел барысында бөлшек инвесторлардың құқықтарын қорғау, ақпаратты ашып көрсету және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін арттыру бағытындағы басымдықтар да айқындалды. 2026 жылғы 01 мамырдан бастап Қазақстанда цифрлық қаржы активтері нарығын іске қосу үшін қажетті барлық заңнамалық, реттеушілік және институционалдық жағдай қалыптастырылғаны атап өтілді.

Мемлекет пен нарық қатысушыларының заңнаманы жаңғырту, қор нарығы инфрақұрылымын дамыту және оның ел экономикасын қаржыландырудағы рөлін күшейту бағытындағы бірлескен жұмысының маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Басқа іс-шаралар

KASE-де цифрлық қаржы активтерін шығаруға және олардың айналысына арналған платформа таныстырылды11 маусым 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
AI бизнес пен инвестицияны қалай өзгертеді – KASE Академиясы мен Silkroad Angels осы тақырыпта воркшоп өткізді10 маусым 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Shenzhen Stock Exchange биржасымен стратегиялық серіктестікті нығайтуда29 мамыр 2026#Ынтымақтастық
Нарықтар интеграциясы: KASE мен Армения қор биржасы (AMX) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды29 мамыр 2026#Рәсімдер
KASE Шэньчжэньдегі жаһандық форумда Қазақстанның капитал нарығын дамыту жөніндегі бастамаларын таныстырды29 мамыр 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE акционерлері 2025 жылғы қаржылық есептілікті және пайданы бөлуді бекітті28 мамыр 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
Қазақстан қор биржасында (KASE) тәуекел, кірістілік және капиталдың сақталуы арасындағы теңгерімді қалыптастыру мәселелері талқыланды25 мамыр 2026#Оқыту
Әділ Мұхамеджанов Solana Summit Kazakhstan конференциясында KASE цифрлық активтер платформасының іске қосылғаны туралы айтты22 мамыр 2026#Конференциялар мен форумдар