KZ
RU
EN
10 қазан 2026, 21:16
KZ
RU
EN
Кіру

Қазақстан және АДБ "Қазақстан Республикасының облигациялар нарығы жөніндегі нұсқаулықтың" алғашқы басылымын ұсынады

#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
03 мамыр 2026

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 03 мамырда елдің қарыз құралдары нарығын жүйелі түрде сипаттайтын алғашқы кешенді басылым – "Қазақстан Республикасының облигациялар нарығы жөніндегі нұсқаулықтың" (Bond Market Guide for Kazakhstan) жарияланғаны туралы хабарлайды.

Аталған нұсқаулық ASEAN+3 облигациялар нарықтары форумы жүзеге асырып жатқан ASEAN+3 Bond Market Guide жөніндегі нұсқаулықтар сериясы аясында әзірленді. Айта кету керек, 2025 жылы Қазақстан бұл Форумға ресми бақылаушы мәртебесінде қосылды.

Құжат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, KASE, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі (KCSD) бірлесіп қатысуымен, Азия даму банкінің (АДБ) қолдауымен әзірленді.

Нұсқаулық Қазақстан облигациялар нарығының жұмыс істеуінің негізгі аспектілерін қамтиды, оның ішінде қалыптасу тарихы, қолданыстағы құқықтық және реттеуші база, қарыз құралдарының түрлері, сондай-ақ сауда, клиринг және есеп айырысу инфрақұрылымы кеңінен қарастырылған.

Құжат халықаралық инвесторлар, эмитенттер, қаржы делдалдары, реттеуші органдар мен зерттеушілер үшін маңызды анықтамалық материал болып табылады. Ол Қазақстанның капитал нарығы туралы жүйелі әрі өзекті ақпарат ұсынады.

Нұсқаулықтың ресми таныстырылымы және жарияланғаны туралы хабарландыру 2026 жылғы 03–06 мамыр аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Азия даму банкінің Басқарушылар кеңесінің 59-шы жыл сайынғы отырысы аясында өтті.

Құжатпен осы сілтеме арқылы танысуға болады.

Басқа іс-шаралар

KASE фьючерстері: инфрақұрылым дайын, брокерлерді күтеміз08 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Сингапурдағы Solana іс-шараларына қатысты06 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
Әділ Мұхамеджанов Capital Markets Forum форумында. KASE-дегі цифрлық активтер туралы06 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE, KACC және ОД командалары бірлескен экотимбилдинг өткізді03 қазан 2026#Корпоративтік оқиғалар
KASE мен Alatau City Authority ЦҚА саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды02 қазан 2026#Ынтымақтастық
Экология туралы басты мифтер. Eco Network негізін қалаушының талдауы01 қазан 2026#Академия
Аз жасап, көп нәтижеге қол жеткізу. Жүйелік әзірлеуші бөлісетін өнімділік құпиялары18 қыркүйек 2026
KASE биржалық ақпараттың халықаралық дистрибуциясын кеңейтуде16 қыркүйек 2026#Конференциялар мен форумдар