KZ
RU
EN
24 сәуір 2026, 16:27
KZ
RU
EN
Кіру
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

KASE Нью-Йоркте Қазақстанның капитал нарығын халықаралық инвесторларға таныстырды

2026 жылғы 20 сәуірде Нью-Йорк қаласында Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерге арналған Investment Opportunities in Kazakhstan атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҚР-ның Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп, KASE және Citigroup қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шара мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының және халықаралық инвестициялық қауымдастықтың өкілдерін біріктірді.

KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов Қазақстанның капитал нарығын дамытудың негізгі бағыттарын таныстырды. Ол биржалық нарықтардың тұрақты өсімін, инфрақұрылымның сенімділігін және инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге әрі жаһандық нарықтармен интеграцияны күшейтуге бағытталған алдағы реттеуші реформаларды атап өтті.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2030 жылға дейін капитал нарығын дамыту бағдарламасы мен бағалы қағаздар нарығы туралы жаңа заң әзірленуде. Негізгі міндеттер – өтімділікті арттыру, инвесторлар базасын кеңейту, инфрақұрылымды нығайту және халықаралық интеграцияны тереңдету.

Сонымен қатар инновациялық бағыттарды дамытуға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, цифрлық қаржы активтері (ЦҚА) платформасын іске қосу жоспарлануда. Бұл платформа KASE-нің қолданыстағы нарықтық инфрақұрылымының логикалық жалғасы ретінде қарастырылып, реттелетін ортада дамытылады.

Іс-шара барысында 2026 жылғы мамырға жоспарланған ASEAN+3 Bond Market Guide for Kazakhstan шыүарылымы тураля айтылды. Asian Development Bank қолдауымен ұлттық қаржы институттарымен бірлесіп дайындалған бұл құжат халықаралық инвесторлар үшін практикалық құралға айналып, Қазақстан облигациялар нарығына қол жеткізу туралы құрылымдалған ақпарат ұсынады.

Дөңгелек үстел инвесторлармен тікелей диалог орнатуға, қазіргі трендтерді талқылауға және елдің инвестициялық ахуалын одан әрі дамыту қадамдарын айқындауға мүмкіндік берді.

Соңғы іс-шаралар

Баспасөз конференциялары мен брифингтер
Эмитент Innoforce холдингімен кездесуге шақырамыз!