Capital Market Media Lab: KASE журналистерге арналған оқыту тренингтерінің сериясын іске қосады

Қазақстан қор биржасы (KASE) БАҚ өкілдерін 11 маусымда сағат 10:00-де Қазақстан журналистеріне арналған қаржылық сауаттылық бойынша практикалық онлайн-тренингке шақырады.
💡 Мақсаты – медиа қауымдастыққа қор нарығының қыр-сырын, инвестициялық құралдарды және макроэкономикалық үдерістерді тереңірек түсінуге қолдау көрсету. Бұл қаржы тақырыбындағы материалдардың сапасы мен кәсібилігін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.
🔍 Тренингте не қарастырылады?
✔️ Қор нарығының құрылымы және Биржаның экономикадағы рөлі;
✔️ Жеке инвесторларға қолжетімді құралдар;
✔️ Инвестициялау кезіндегі кірістілік пен тәуекелдің арақатынасы;
✔️ Қаржылық ақпаратты талдау және нарықтық деректерді түсіндіру;
✔️ Қаржылық алаяқтардан қорғану және жалған ақпаратпен күрес және т.б.
Аталған тренинг KASE-нің бағалы қағаздар нарығына арналған журналистерге арналған білім беру іс-шаралары сериясының бастамасы болмақ. Спикерлер қатысушылар өз жұмыстарында тиімді пайдалана алатын әрі әріптестерімен бөлісіп, аудиториясына қаржы әлемін жақсырақ түсінуге көмектесетін қолданбалы біліммен бөліседі.
🗓️ 2026 жылғы 11 маусым, сағат 10:00
📍 Форматы: онлайн
Экономика және қаржы саласындағы құзыреттерін арттырғысы келетін журналистерді қатысуға шақырамыз.
Аккредитациядан өту:
📞 Телефон: +7 701 121 00 87
📧 Электрондық пошта: pr@kase.kz
🚀 Келесі кездесулерден хабардар болу үшін біздің хабарландыруларымызды қадағалап отырыңыздар!