KZ
RU
EN
22 маусым 2026, 17:12
KZ
RU
EN
Кіру

KASE Shenzhen Stock Exchange биржасымен стратегиялық серіктестікті нығайтуда

#Ынтымақтастық
29 мамыр 2026

2026 жылғы 29 мамырда KASE мен Shenzhen Stock Exchange (SZSE) Қазақстан мен Қытайдың капитал нарықтары арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастайтын Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою Азияның жаһандық капитал нарықтары архитектурасындағы рөлі күшейіп келе жатқан жағдайда, екі ел нарықтарының инфрақұрылымдық байланысын, институционалдық өзара іс-қимылын және халықаралық интеграциясын дамытудағы маңызды қадам болды.

Меморандум KASE мен SZSE арасындағы қаржы нарықтарын ілгерілету, биржалық индекстер бойынша бірлесіп жұмыс жүргізу, капитал нарығын дамыту тәжірибесін алмасу және кәсіби әлеуетті арттыру, сондай-ақ бағалы қағаздар индустриясындағы жаңа бағыттар мен өзекті мәселелер бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге негіз қалайды.

Меморандумға қол қою KASE-нің халықаралық серіктестікті одан әрі кеңейтуге және Қазақстанның өңірдегі қалыптасып келе жатқан инфрақұрылымдық әрі инвестициялық хабтардың бірі ретіндегі позициясын нығайтуға ұмтылысын көрсетеді.

Басқа іс-шаралар

Білім, дерек, нарық: KASE-нің БАҚ-қа арналған білім беру бастамасы17 маусым 2026#Оқыту
KASE алаңында журналистерге арналған қаржылық сауаттылық бойынша онлайн-семинар өтті11 маусым 2026#Оқыту
KASE-де цифрлық қаржы активтерін шығаруға және олардың айналысына арналған платформа таныстырылды11 маусым 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
AI бизнес пен инвестицияны қалай өзгертеді – KASE Академиясы мен Silkroad Angels осы тақырыпта воркшоп өткізді10 маусым 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Шэньчжэньдегі жаһандық форумда Қазақстанның капитал нарығын дамыту жөніндегі бастамаларын таныстырды29 мамыр 2026#Конференциялар мен форумдар
Нарықтар интеграциясы: KASE мен Армения қор биржасы (AMX) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды29 мамыр 2026#Рәсімдер
KASE Shenzhen Stock Exchange биржасымен стратегиялық серіктестікті нығайтуда29 мамыр 2026#Ынтымақтастық
KASE акционерлері 2025 жылғы қаржылық есептілікті және пайданы бөлуді бекітті28 мамыр 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер