KZ
RU
EN
19 маусым 2026, 13:09
KZ
RU
EN
Кіру

Токендеуден криптокарталарға дейін: Solana Summit Kazakhstan конференциясында жаңа қаржылық шынайылық талқыланды

#Конференциялар мен форумдар
22 мамыр 2026

Алматыда цифрлық активтерге, токендеуге және финтех дамуына арналған алғашқы халықаралық конференция — Solana Summit Kazakhstan 2026 өтті. Іс-шараның стратегиялық серіктесі Қазақстан қор биржасы (KASE) болды.

KASE Басқарма төрағасының орынбасары Михаил Гришко капитал нарықтарының болашағы мен қаржылық инфрақұрылымды трансформациялаудағы цифрлық активтердің рөліне арналған панельдік пікірталастың модераторы болды. Ол цифрлық активтердің капитал нарығына интеграциясы бүгінде шынайы үрдіске айналғанын атап өтті — өңірде крипто-ETF, цифрлық инвестициялық өнімдер және цифрлық активтерге негізделген төлем шешімдері қолжетімді.

Қатысушылар токендеудің дамуын, цифрлық активтер инфрақұрылымын, стейблкоиндерді және жаңа инвестициялық құралдарды талқылады.

Astana International Exchange (AIX) нарықтар мен өнімдер бағытының жетекшісі Біржан Астаев капитал нарығына ең үлкен ықпал ететін бағыт — активтерді токендеу екенін атап өтті. Оның айтуынша, токендер әлемнің кез келген жерінен тәулік бойы (24/7) сауда жасау мүмкіндігі арқылы нарықты барынша жаһандық, қолжетімді әрі үздіксіз етеді.

ADI Foundation компаниясының CEO-сы Андрей Лазаренко блокчейн-инфрақұрылым мен өңірлік стейблкоиндердің дамуы туралы айтып берді. Оның пікірінше, алдағы жылдары капитал нарықтары стейблкоиндер негізіндегі жаңа есеп айырысу моделіне көшуі мүмкін, ал цифрлық инфрақұрылым ауқымдылық, қауіпсіздік және бағдарламаланатын комплаенс қағидаттарына сүйеніп қалыптасады.

Fonte Capital компаниясының CEO-сы Ержан Мусин Қазақстандағы алғашқы Bitcoin ETF пен әлемдегі стейкинг элементі енгізілген алғашқы Solana ETF-ін іске қосу тәжірибесімен бөлісті. Мұндай модельде қор цифрлық активті сақтау арқылы қосымша табыс алып, оны инвесторлар арасында бөледі. Осындай өнімдер дәстүрлі қаржы нарығы мен цифрлық активтер нарығы арасындағы көпірге айналып келеді.

Silkpay компаниясының CEO-сы Ғани Өзбеков алдын ала төленетін карталар мен цифрлық әмияндардың қаржылық қолжетімділікті арттырудағы рөлі туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, мұндай шешімдер адамдарға ақшаны іс жүзінде қозғамай-ақ есеп айырысуға мүмкіндік береді, ал стейблкоиндердің дамуы мұндай операцияларды жылдамырақ әрі арзанырақ етеді.

Пікірталас соңында қатысушылар қаржы нарығының одан әрі дамуы цифрлық активтерге қолжетімділіктің кеңеюіне және күрделірек инвестициялық стратегиялардың енгізілуіне байланысты болады деген ортақ пікірге келді.

Басқа іс-шаралар

Білім, дерек, нарық: KASE-нің БАҚ-қа арналған білім беру бастамасы17 маусым 2026#Оқыту
KASE алаңында журналистерге арналған қаржылық сауаттылық бойынша онлайн-семинар өтті11 маусым 2026#Оқыту
KASE-де цифрлық қаржы активтерін шығаруға және олардың айналысына арналған платформа таныстырылды11 маусым 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
AI бизнес пен инвестицияны қалай өзгертеді – KASE Академиясы мен Silkroad Angels осы тақырыпта воркшоп өткізді10 маусым 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Шэньчжэньдегі жаһандық форумда Қазақстанның капитал нарығын дамыту жөніндегі бастамаларын таныстырды29 мамыр 2026#Конференциялар мен форумдар
Нарықтар интеграциясы: KASE мен Армения қор биржасы (AMX) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды29 мамыр 2026#Рәсімдер
KASE Shenzhen Stock Exchange биржасымен стратегиялық серіктестікті нығайтуда29 мамыр 2026#Ынтымақтастық
KASE акционерлері 2025 жылғы қаржылық есептілікті және пайданы бөлуді бекітті28 мамыр 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер