KZ
RU
EN
31 мамыр 2026, 08:52
KZ
RU
EN
Кіру
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

KASE акционерлері 2025 жылғы қаржылық есептілікті және пайданы бөлуді бекітті

Қазақстан қор биржасы (KASE, Биржа) 2026 жылғы 28 мамырда Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткенін хабарлайды. Оның барысында KASE-нің 2025 жылғы қызметінің қорытындысы қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Акционерлер Биржаның қызметі туралы есепті және KASE тобының 2025 жылғы орнықты даму туралы есебін назарға алды, сондай-ақ тәуелсіз аудитордың аудиторлық есептерімен бірге Биржаның жеке және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекітті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Биржаның таза кірісі 15,3 млрд теңгені құрады. Акционерлердің шешіміне сәйкес, пайданың 4,6 млрд теңге мөлшеріндегі бір бөлігі дивиденд төлеуге бағытталады, ал 10,7 млрд теңге Биржаны дамытуға, KASE және "KASE клиринг орталығы" АҚ резервтік қорларын қалыптастыруға, сондай-ақ басым жобаларды іске асыруға бағытталады.

Биржаның бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшері 4 268,37 теңге деңгейінде белгіленді.

Бұдан бөлек, KASE-нің 2026 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде "BDO Kazakhstan" ЖШС айқындалды.

Сондай-ақ жиналыс аясында  Биржаның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне 2025 жыл үшін төленген сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынды, Директорлар кеңесінің мүшелеріне жылдық сыйлықақылық сыйақы төлеу туралы шешім қабылданды, Биржа жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтыру бекітілді.

Сондай-ақ акционерлерге 2025 жылы KASE қызметі мәселелері бойынша Биржа мен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты акционерлердің өтініштері болмағаны туралы ақпарат ұсынылды.

Соңғы іс-шаралар