KZ
RU
EN
12 маусым 2026, 12:50
KZ
RU
EN
Кіру

Қазақстан қор биржасында (KASE) тәуекел, кірістілік және капиталдың сақталуы арасындағы теңгерімді қалыптастыру мәселелері талқыланды

#Оқыту
25 мамыр 2026

KASE Академиясы Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында "Тәуекел, кірістілік және әртараптандыру" атты білім беру семинарын ұйымдастырды. Спикер ретінде BCC Invest портфельдік менеджері Уәлихан Бикен сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушылар инвестициялау "сәттілікке бәс тігу" емес, мақсат, мерзім, тәуекел және портфель құрылымы маңызды рөл атқаратын шешімдер жүйесі екенін талқылады. Инвестор табысының қалай қалыптасатыны, инфляцияны не үшін ескеру қажет екені және жоғары кірістіліктің артында шын мәнінде не тұрғаны мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ инвестициялық тәуекелдің негізгі түрлері – нарықтық, валюталық, кредиттік, инфляциялық және мінез-құлықтық тәуекелдер қарастырылды. Қатысушылар тәуекелді бағалаудың базалық метрикаларымен және "кванттар" деп аталатын мамандар қолданатын сандық талдау қағидаттарымен танысты. Бұл мамандар нарықтарды талдау және инвестициялық стратегияларды тестілеу үшін математика, статистика және бағдарламалауды пайдаланады.

Семинардың негізгі тақырыптарының бірі әртараптандыру болды. Уәлихан Бикен портфельдің тұрақтылығы бір ғана "жұлдыз" қағазға емес, активтерді сыныптар, секторлар, валюталар және инвестициялау көкжиектері бойынша сауатты бөлуге байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар тәуекел бейіндері әртүрлі портфельдің мысалдары, қайта теңгерімдеу тәсілдері және инвесторлардың жиі жіберетін қателіктері – "үлгермей қаламын" деген қорқынышпен эмоцияға беріліп сатып алудан бастап дүрбелеңмен сатуға дейінгі әрекеттер талқыланды.

Семинар инвестициялаудың базалық қағидаттарын зерделеуге, тәуекелдерді басқаруға және ұзақмерзімді тұрақты инвестициялық стратегия қалыптастыруға қызығушылық танытқан қатысушылардың басын қосты.

Басқа іс-шаралар

Capital Market Media Lab: KASE журналистерге арналған оқыту тренингтерінің сериясын іске қосады11 маусым 2026#Оқыту
AI бизнес пен инвестицияны қалай өзгертеді – KASE Академиясы мен Silkroad Angels осы тақырыпта воркшоп өткізді10 маусым 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Шэньчжэньдегі жаһандық форумда Қазақстанның капитал нарығын дамыту жөніндегі бастамаларын таныстырды29 мамыр 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Shenzhen Stock Exchange биржасымен стратегиялық серіктестікті нығайтуда29 мамыр 2026#Ынтымақтастық
Нарықтар интеграциясы: KASE мен Армения қор биржасы (AMX) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды29 мамыр 2026#Рәсімдер
KASE акционерлері 2025 жылғы қаржылық есептілікті және пайданы бөлуді бекітті28 мамыр 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
Қазақстан қор биржасында (KASE) тәуекел, кірістілік және капиталдың сақталуы арасындағы теңгерімді қалыптастыру мәселелері талқыланды25 мамыр 2026#Оқыту
Әділ Мұхамеджанов Solana Summit Kazakhstan конференциясында KASE цифрлық активтер платформасының іске қосылғаны туралы айтты22 мамыр 2026#Конференциялар мен форумдар