KZ
RU
EN
17 маусым 2026, 13:30
KZ
RU
EN
Кіру

KASE алаңында инвестицияға салық салудың негізгі мәселелері талқыланды

#Конференциялар мен форумдар
21 мамыр 2026

Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында KASE Academy ұйымдастырған салық салу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар салық заңнамасындағы өзекті өзгерістерді, жеке инвесторлардың табысын декларациялау мәселелерін, сондай-ақ салық реформасын дамыту бағыттарын талқылады.

KASE Client Relations Office өңірлік өкілі Ғалым Әбішев бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға қатысты қолданыстағы салық салу жүйесіне шолу жасады. Оның айтуынша, Қазақстандағы жеке инвесторлар үшін KASE алаңындағы операциялар бойынша салықтық жеңілдіктің кең ауқымы сақталған — бұл капитал өсімінен түсетін табысқа да, дивиденд пен сыйақыға да қатысты.

«Бүгінде инвестициялық табысқа мүдделі жеке инвестор үшін бағалы қағаздардың барлық дерлік санаты мен табыс түрлері бойынша жеңілдік қарастырылған», — деп атап өтті Ғалым Әбішев.

PwC компаниясының халықаралық салықтық құрылымдау қызметтері жөніндегі директоры Әлия Ибраева қазақстандық биржалардан тыс бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салық салу және жалпыға бірдей декларациялау ерекшеліктері туралы айтып берді. Ол қазақстандық салықтық жеңілдіктердің шетелдік активтер мен отандық алаңдарда айналыста жоқ құралдарға қолданылмайтынын, ал олардан түскен табысты инвесторлар өз бетінше декларациялауға тиіс екенін еске салды.

«Егер жеке тұлға Қазақстанның салық резиденті болып танылса, оның дүние жүзі бойынша тапқан табысына салық салынады», — деп атап өтті Әлия Ибраева.

ReportiX негізін қалаушы Александр Дронин салық есептілігін дайындаудың практикалық кейстерімен бөлісіп, инвесторлардың декларация жасайтын кезде жиі жіберетін қателіктері туралы айтты. Ол негізгі мәселелер ретінде брокерлік есептердің бірыңғай стандарттарының болмауын, корпоративтік оқиғаларды есепке алу күрделілігін және брокерлер арасында активтерді аударған кезде сатып алу құны тарихының жоғалуын атады.

«Бұл — клиенттердің жауапсыздығы емес, салық құқығы, бухгалтерия және қаржы құралдарының ерекшеліктері тоғысқан тұстағы “бұлыңғыр аймақтар”», — деп түйіндеді Александр Дронин.

Іс-шара соңында қатысушылар жаңа салық нормаларын қолдануға қатысты сұрақтарына жауап алып, нарықты реттеуді одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстармен алмасты.

Басқа іс-шаралар

KASE-де цифрлық қаржы активтерін шығаруға және олардың айналысына арналған платформа таныстырылды11 маусым 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
AI бизнес пен инвестицияны қалай өзгертеді – KASE Академиясы мен Silkroad Angels осы тақырыпта воркшоп өткізді10 маусым 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Shenzhen Stock Exchange биржасымен стратегиялық серіктестікті нығайтуда29 мамыр 2026#Ынтымақтастық
Нарықтар интеграциясы: KASE мен Армения қор биржасы (AMX) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды29 мамыр 2026#Рәсімдер
KASE Шэньчжэньдегі жаһандық форумда Қазақстанның капитал нарығын дамыту жөніндегі бастамаларын таныстырды29 мамыр 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE акционерлері 2025 жылғы қаржылық есептілікті және пайданы бөлуді бекітті28 мамыр 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
Қазақстан қор биржасында (KASE) тәуекел, кірістілік және капиталдың сақталуы арасындағы теңгерімді қалыптастыру мәселелері талқыланды25 мамыр 2026#Оқыту
Әділ Мұхамеджанов Solana Summit Kazakhstan конференциясында KASE цифрлық активтер платформасының іске қосылғаны туралы айтты22 мамыр 2026#Конференциялар мен форумдар