KZ
RU
EN
17 маусым 2026, 14:00
KZ
RU
EN
Кіру

Әділ Мұхамеджанов Solana Summit Kazakhstan конференциясында KASE цифрлық активтер платформасының іске қосылғаны туралы айтты

#Конференциялар мен форумдар
22 мамыр 2026

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов Алматыда өткен цифрлық активтерге, токендеуге және жаңа буындағы қаржы технологияларын дамытуға арналған алғашқы халықаралық конференция – Solana Summit Kazakhstan 2026-ға қатысты. KASE іс-шараның стратегиялық серіктесі болды.

Key speech аясында Әділ Мұхамеджанов цифрлық қаржы активтері нарығына арналған KASE инфрақұрылымының іске қосылғанын айтып, Биржаның Қазақстанның цифрлық нарығының реттелетін инфрақұрылымына ресми түрде кіргенін атап өтті. ҚР Ұлттық Банкі KASE-ні 001 тіркеу нөмірімен бірден екі бағыт бойынша: цифрлық қаржы активтері платформасының операторы және цифрлық активтермен сауда-саттық платформасының операторы ретінде цифрлық платформалар операторларының тізілімдеріне енгізді.

KASE басшысының айтуынша, бұл тек Биржа үшін емес, еліміздің бүкіл қаржы нарығы үшін де маңызды кезең, себебі цифрлық активтер нарығы қарқынды өсуді жалғастыруда, ал айналымның елеулі бөлігі әлі де реттелетін контурдан тыс қалып отыр. KASE институционалдық және кәсіби нарық қатысушыларына бағдарланған ашық әрі реттелетін инфрақұрылымды ұсынуға ниетті.

"Мен бүгінгі таңда сенім тек технологиялар негізінде емес, серіктестік негізінде де қалыптасатынына терең сенемін. Сондықтан біз үшін цифрлық активтер құрылатын және айналысқа түсетін инфрақұрылым аса маңызды", – деп атап өтті Әділ Мұхамеджанов.

Ол сондай-ақ KASE-нің жаңа платформасының негізгі элементтерін, соның ішінде бағалы қағаздарды токендеу тетігін, инфрақұрылымдық серіктестерді және цифрлық активтермен жұмыс істеу моделін таныстырды. Блокчейн-инфрақұрылым деңгейіндегі KASE серіктесі операциялардың ауқымдылығын, бағдарламалануы мен тиімділігін қамтамасыз ететін Solana Foundation болды.

Биржа Басқармасының төрағасы платформаның әзірленіп қойғанын және реттеушілік іске қосуға дайындалып жатқанын атап өтті. Бірінші кезеңде пайдаланушыларға қарапайым әрі түсінікті құралдар қолжетімді болады, ал болашақта инфрақұрылым токендеу мүмкіндіктерін кеңейтіп, инвесторлардың неғұрлым кең ауқымын тартуға мүмкіндік береді.

Басқа іс-шаралар

KASE-де цифрлық қаржы активтерін шығаруға және олардың айналысына арналған платформа таныстырылды11 маусым 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
AI бизнес пен инвестицияны қалай өзгертеді – KASE Академиясы мен Silkroad Angels осы тақырыпта воркшоп өткізді10 маусым 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Shenzhen Stock Exchange биржасымен стратегиялық серіктестікті нығайтуда29 мамыр 2026#Ынтымақтастық
Нарықтар интеграциясы: KASE мен Армения қор биржасы (AMX) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды29 мамыр 2026#Рәсімдер
KASE Шэньчжэньдегі жаһандық форумда Қазақстанның капитал нарығын дамыту жөніндегі бастамаларын таныстырды29 мамыр 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE акционерлері 2025 жылғы қаржылық есептілікті және пайданы бөлуді бекітті28 мамыр 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
Қазақстан қор биржасында (KASE) тәуекел, кірістілік және капиталдың сақталуы арасындағы теңгерімді қалыптастыру мәселелері талқыланды25 мамыр 2026#Оқыту
Әділ Мұхамеджанов Solana Summit Kazakhstan конференциясында KASE цифрлық активтер платформасының іске қосылғаны туралы айтты22 мамыр 2026#Конференциялар мен форумдар