KZ
RU
EN
22 маусым 2026, 17:12
KZ
RU
EN
Кіру

KASE Шэньчжэньдегі жаһандық форумда Қазақстанның капитал нарығын дамыту жөніндегі бастамаларын таныстырды

#Конференциялар мен форумдар
29 мамыр 2026

KASE Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Искакова Шэньчжэнь қаласында өткен 2026 Shenzhen Stock Exchange Global Investor Conference аясындағы "Global Capital Market Development and Cooperation: From Product Connectivity to Ecosystem Co-construction" панельдік сессиясына қатысып, Азия мен Еуропаның жетекші биржа алаңдарының басшыларымен бірге жаһандық капитал нарықтарының болашағын талқылады.

Пікірталастың өзегінде - цифрлық активтерді реттеудің жаһандық тренді және оларды дәстүрлі қаржылық инфрақұрылымға интеграциялау, сондай-ақ Қазақстанның капитал нарығын реформалаудың жаңа кезеңі. Дәстүрлі капитал нарықтары мен блокчейн-инфрақұрылым негізіндегі құралдар арасында сенімді биржалық инфрақұрылым шеңберінен шықпай байланыс орнату ең өзекті тақырыптардың бірі болып қала береді.

Қазақстанның капитал нарығын реформалау неғұрлым икемді, технологиялық және халықаралық деңгейде интеграцияланған нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған. Оның мақсаты - цифрлық активтердің реттелмейтін айналымының едәуір бөлігін ашық, сенімді және реттелетін ортаға көшіру. Бұл ретте KASE инвесторларға бұрыннан түсінікті, салыстырмалы түрде қарапайым әрі ашық өнімдерден бастауда.

"Бұдан бөлек, бүгінде жаһандық инвесторларға тек сауда алаңдарына қол жеткізу ғана емес, сапалы, стандартталған және салыстырмалы нарықтық деректерге кедергісіз қолжетімділік қажет. KASE дәл осы себепті KASE Market Data Hub жобасын дамытып жатыр", - деп атап өтті Айнагүл Искакова.

Басқа іс-шаралар

Білім, дерек, нарық: KASE-нің БАҚ-қа арналған білім беру бастамасы17 маусым 2026#Оқыту
KASE алаңында журналистерге арналған қаржылық сауаттылық бойынша онлайн-семинар өтті11 маусым 2026#Оқыту
KASE-де цифрлық қаржы активтерін шығаруға және олардың айналысына арналған платформа таныстырылды11 маусым 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
AI бизнес пен инвестицияны қалай өзгертеді – KASE Академиясы мен Silkroad Angels осы тақырыпта воркшоп өткізді10 маусым 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Шэньчжэньдегі жаһандық форумда Қазақстанның капитал нарығын дамыту жөніндегі бастамаларын таныстырды29 мамыр 2026#Конференциялар мен форумдар
Нарықтар интеграциясы: KASE мен Армения қор биржасы (AMX) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды29 мамыр 2026#Рәсімдер
KASE Shenzhen Stock Exchange биржасымен стратегиялық серіктестікті нығайтуда29 мамыр 2026#Ынтымақтастық
KASE акционерлері 2025 жылғы қаржылық есептілікті және пайданы бөлуді бекітті28 мамыр 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер