KZ
RU
EN
13 шілде 2026, 00:09
KZ
RU
EN
Кіру

Эмитент - KEGOC күні: компания еліміздің энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруды жалғастыруда

#Конференциялар мен форумдар
25 маусым 2026

Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында инвесторлардың, акционерлердің және қаржы нарығы өкілдерінің қатысуымен "KEGOC" АҚ-тың Эмитент күні өтті. Іс-шараны KASE Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Искакова ашып, қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Кездесу барысында компания 2025 жылдағы және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің негізгі нәтижелерін таныстырды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша компанияның таза пайдасы 70,8 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 11,3 млрд теңгеге жоғары.

Сондай-ақ KEGOC компаниясының стратегиялық даму бағыттары мен инвестициялық бағдарламасының іске асырылуына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта компания екі негізгі жобаны жүзеге асыруды жалғастыруда: Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЭЖ) Оңтүстік аймағындағы электр желісін күшейту және Батыс Қазақстанның энергетикалық жүйесін Қазақстанның БЭЭЖ-імен біріктіру.

Қатысушыларға электр желілік инфрақұрылымды дамытуға және елімізді энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған перспективалы инвестициялық жобалар туралы да ақпарат берілді.

Бұдан бөлек, кездесу барысында күзгі-қысқы жүктемелердің ең жоғары кезеңіне дайындық мәселелері, сондай-ақ энергетикалық жүйенің сенімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді қоса алғанда, цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

KASE эмитенттер, инвесторлар және капитал нарығының қатысушылары арасындағы ашық диалог алаңын дамыту жұмыстарын жалғастыруда.

Басқа іс-шаралар

Жапонияда өткен ASEAN+3 форумында KASE облигациялар нарығын дамыту мәселелерін талқылады08 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Қазақстан қор биржасы қалай жұмыс істейді: KIMEP University студенттеріне арналған KASE академиясының дәрісі07 шілде 2026#Оқыту
KASE Қытайдың институционалдық инвесторларына Қазақстанның капитал нарығын таныстырды07 шілде 2026#Ынтымақтастық
Лизинг портфелі 2,3 млрд теңгеге жетті: KASE алаңында Garanti Leasing қатысуымен Эмитенті күні өтті03 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ-тан алғыс хаттар алды01 шілде 2026#Рәсімдер
KASE капитал нарығын дамыту жөніндегі негізгі бастамаларды талқылауға қатысты01 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Эмитент - Capital Leasing Group күні: активтер көлемі 34 млрд KZT-ге жетті01 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Тұрақты даму облигациялары нарығын дамыту: KASE мен CAIER меморандумға қол қойды29 маусым 2026#Конференциялар мен форумдар