Эмитент - Capital Leasing Group күні: активтер көлемі 34 млрд KZT-ге жетті

Қазақстан қор биржасы (KASE) "Capital Leasing Group" ЖШС-ның қатысуымен Эмитент күнін өткізді.
Кездесу барысында компания өкілдері 2025 жылғы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет нәтижесін, негізгі қаржылық көрсеткіштерді, лизинг бизнесінің дамуын, компанияның облигациялық шығарылымдарын және алдағы өсу перспективаларын таныстырды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша "Capital Leasing Group" ЖШС-ның лизинг портфелі 24 млрд KZT, активтері 26 млрд KZT, ал таза пайдасы 1,3 млрд KZT болды. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша лизинг портфелінің көлемі 33 млрд KZT-ге, ал активтері 34 млрд KZT-ге дейін өсті.
Кездесуде компанияның облигациялық бағдарламасын іске асыру нәтижесі де ұсынылды. Бүгінгі таңда 13 облигация шығарылымы орналастырылғаны, оның төртеуі толық өтелгені және инвесторларға барлық купондық төлем белгіленген мерзімде толық төленгені айтылды.
Іс-шара соңында компания өкілдері бизнесті дамыту, тәуекелді басқару, лизинг портфелінің сапасы және капитал нарығы арқылы қаржыландыру тарту жөніндегі алдағы жоспарларға қатысты қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Басқа іс-шаралар















