KASE Ингрид Вандервельдт өткізетін сараптамалық сессияға шақырады

Қазақстан қор биржасы (KASE) нарыққа қатысушыларды Corporate Social Responsibility (CSR) және орнықты корпоративтік басқару тақырыбындағы ашық сараптамалық сессияға қатысуға шақырады.
Сессияны АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен шақырылған CSR және әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы халықаралық сарапшы (АҚШ) Ингрид Вандервельдт өткізеді.
Сараптамалық сессияда сіздерді не күтеді?
Сессия барысында келесі практикалық мәселелер қарастырылады:
• CSR инвесторлар сеніміне және компаниялардың капитализациясына қалай әсер етеді;
• әлеуметтік жауапкершілікті заманауи корпоративтік басқаруға қалай кіріктіруге болады;
• бизнес табыстылық пен тұрақты дамуды қалай үйлестіре алады;
• үздік халықаралық тәжірибелер мен кейстер.
Сараптамалық сессия кімдер үшін пайдалы:
• қаржылық және қаржылық емес компаниялар үшін;
• эмитенттер мен қор нарығына қатысушылар үшін;
• ESG, орнықты даму және корпоративтік басқару саласындағы мамандар үшін.
Күні мен уақыты: 2026 жылғы 28 қаңтар, сағат 11:00
Форматы: офлайн
Мекенжайы: Алматы қ., Байзақов көш., 280, «Almaty Towers» БО (солтүстік мұнара),
1-қабат, Press Room
Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/88GLZuh2x17JKAWu6