KZ
22 қаңтар 2026, 15:12
Қазақша
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

KASE мен KACC Tabadul Hub арқылы MSX және ADX биржаларымен келісімге қол қойды

Қазақстан қор биржасы (KASE) және KASE Клиринг орталығы (KACC) өңірлік және халықаралық Tabadul Hub сауда экожүйесімен интеграция аясында Маскат қор биржасымен (Muscat Stock Exchange, MSX) және Абу-Даби бағалы қағаздар биржасымен (Abu Dhabi Securities Exchange, ADX) келісімге қол қойды.

Бұл құжаттар өзара іс-қимылдың шарттық, нормативтік және операциялық аспектілерін реттейді және Tabadul Hub арқылы нарықтарға қашықтан қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қол қойылған келісім сауда-саттық, клиринг, есеп айырысу және бағалы қағаздарды сақтау тетіктерін, сондай-ақ трансшекаралық операцияларды жүргізген кезде тараптардың рөлі мен міндеттерін айқындайды.

KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов бұл қадам тараптардың жоғары операциялық дайындығын көрсететінін және Орталық Азия мен Таяу Шығыс капитал нарықтары арасындағы байланысты нығайтудың маңызды кезеңі екенін атап өтті. Бұл бастама инвесторлардың жаңа нарықтар мен инвестициялық мүмкіндіктерге қол жеткізу аясын кеңейтеді.