Эмитент "ҚазТрансОйл" АҚ күні

28 қарашада Қазақстан қор биржасы алаңында "ҚазТрансОйл" АҚ-тың инвесторлармен, нарық қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті.
Модератор Азиза Ордабаева, KASE Клиенттермен байланыс кеңсесінің директоры болды
Спикерлер: Әміржан Оспанов – бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Алмас Оңғарсынов – корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директор.
Кездесу барысында компанияның 2025 жылдың алғашқы 9 айындағы жұмыс нәтижелері, негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштері, капиталдық салымдар мен тарифтер туралы ақпарат берілді:
"ҚазТрансОйл" АҚ дәстүрлі түрде Эмитент күндеріне қатысып, өз ашықтығын, айқындығын және корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына берік ұстанымын көрсетіп келеді.
Мұндай іс-шаралар компанияның инвесторлармен, кәсіби қауымдастықпен және БАҚ-пен диалогын нығайтады.