MOST МҚҰ KASE алаңында: ШОБ несиелеудегі цифрлық революция

2026 жылғы 13 ақпанда KASE алаңында ШОБ-ты несиелеуге бағытталған және необанк моделi бойынша жұмыс істейтін "MOST" МҚҰ қатысуымен "Эмитент күні" өтті. "MOST" МҚҰ бас директоры Мират Ахметсадыков компанияның бизнес-моделін және негізгі нәтижелерін таныстырды.
Компанияның MOST қаржы-инвестициялық холдингі құрамында небәрі екі жылдан бері жұмыс істейтініне қарамастан, осы уақыт ішінде ол ШОБ сегментіндегі кәсіпорындарға 2,5 млрд теңге көлемінде несие беріп үлгерген. Ал аталық MOST холдингі кәсіпкерлермен 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, 10 000-нан астам шағын және орта бизнес компаниясына қолдау көрсеткен.
"MOST" МҚҰ қызметін MOST Finance бренді арқылы жүргізіп, оның аясында қарыз алушыларды бағалаудың цифрлық моделі мен несиелеудің технологиялық инфрақұрылымын дамытып жатыр.
Мират Ахметсадыков еліміздегі ШОБ несиелеу нарығындағы негізгі мәселені де атап өтті, ол — сұраныс жоғары болғанымен, өтінімдердің 53%-ы, соның ішінде 42%-ы кепілдің жеткіліксіздігіне байланысты мақұлданбауы. MOST компания қызметін деректер мен цифрлық талдау негізінде бағалайтын баламалы модельді қолданады. Компания басқарушылық деректерді IT-платформалар арқылы тікелей есеп жүйелерінен (оның ішінде 1С) алады, бұл кәсіпкер қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді. Негізгі көрсеткіш несиенің өтелуі болатын дәстүрлі банк әдісінен айырмашылығы — MOST цифрлық моделі бизнестің динамикасын онлайн режімде бақылап, өзгерістерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Компаниядағы барлық процесс басынан бастап толық цифрландыру және технологиялық шешімдерді енгізу мүмкіндігін ескере отырып жобаланады. Себебі ұйымның миссиясы — кәсіпкерлер үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және ашық цифрлық құралдар арқылы ШОБ сегментіндегі сенімділікті нығайту.
KASE инвесторлар мен эмитенттер арасындағы ашық диалог алаңын ұсынуды жалғастырып, капитал нарығының дамуына және қазақстандық бизнесті қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
18 ақпанда "MOST" МҚҰ жалпы көлемі 2,5 млрд теңге, айналым мерзімі 12 ай болатын 2 500 000 дана кепілсіз купондық облигациямен алғашқы арнайы сауда-саттық өткізуді жоспарлап отыр. Бір облигацияның бағасы:1000 теңге.