Қазақстанда KASE индексіне негізделген алғашқы ETF-ті листингіден өткізуге дайындық басталды

BCC Invest Қазақстанда алғаш рет KASE индексі бойынша ETF қорларын листингке шығаруға дайындалуда. Қорлар қазірдің өзінде тіркелген. BCC Invest сауда-саттықтың басталғаны және тикерлер туралы қосымша хабарлайды.
Әңгіме екі индексті шешімдер жайында. Бірінші қор — KASE индексі бойынша ETF еліміздің негізгі қор индексінің құрылымын қайталайды және инвесторға Қазақстанның ірі жария компанияларына инвестиция жасауға мүмкіндік береді.
Екінші қор — MBM Index KASE консервативті модельге негізделген, басты назарын мемлекеттік бағалы қағаздар мен ақша нарығы құралдарына аударады.
«KASE индексі бойынша ETF-ті іске қосу – бұл Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын танымал етудегі және халықтың инвестициялық сауаттылығын арттырудағы маңызды қадам», — деді KASE Client Relations Office директорының орынбасары Нұркен Болатбек.
«Біз үшін ETF-тің іске қосылуы — біздің дамуымыздағы және сенімгерлік басқару нарығындағы ұстанымымызды нығайтудағы жаңа кезең», — деді BCC Invest компаниясының Басқарушы директоры Руслан Зерилов.