KASE жауапты бизнесті дамыту бойынша диалогты колдады

Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқарма Төрағасы Әділ Мұхамеджанов ECO Network экологиялық менеджмент және орнықты даму саласындағы консалтингілік компаниямен бірлесіп ұйымдастырылған бизнес-кездесуде сөз сөйледі. Іс-шара озық ESG тәсілдері мен экологиялық жобаларды енгізуге мүдделі бизнес өкілдері үшін ұйымдастырылды.
Әділ Мұхамеджанов өз сөзінде KASE нарықтарды қалыптастыратынын, бағалы қағаздармен листинг пен сауданы ұйымдастыратынын, яғни эмитенттер мен инвесторлар үшін ашықтық пен орнықты даму стандарттарын белгілейтінін атап өтті.
Ол Биржа халықаралық тәжірибелер бағытында белсенді қозғалатынын және БҰҰ-ның биржаларды орнықты дамыту жөніндегі бастамасының (UN SSE) қатысушысы болып табылатынын атап өтті. KASE ESG-есептілікті дайындау бойынша ұсынымдарды енгізеді, білім беру бағдарламаларын дамытады, тұрақты қаржыландыру құралдарының желісін кеңейтеді және жасыл, әлеуметтік және тұрақты даму облигацияларын шығару үшін платформа қалыптастырады.
"Біз биржа ретінде экологиялық бастамаларды белсенді қолдаймыз және осы бағытқа елеулі үлес қосуға тырысамыз. Бізде ESG-облигациялары үшін толыққанды инфрақұрылым қалыптасты, біз ақпарат ашу стандарттарын ілгерілетеміз, эмитенттер мен инвесторларды оқытамыз, тұрақты тәжірибелерге сәйкес келуге ұмтылатын компаниялар үшін арнайы алаңдар мен жеңілдікті жағдайлар жасаймыз. Нарықта зейінді, ашықтықты және жауапкершілік мәдениетін дамытуды жалғастыру маңызды", - деді Әділ Мұхамеджанов.
Тұрақты қаржыландыру нарығында KASE ілгерілеуі жеке ұсынылды: 2020 жылдан бастап биржада жалпы сомасы 1 трлн теңгеге 19 эмитенттің ESG-облигацияларының 39 шығарылымы орналастырылды.
Кездесуге қатысушылар – түрлі салалардың өкілдері-экологиялық, әлеуметтік және инклюзивті жобаларды қаржыландыру құралының әлеуетін атап өтіп, KASE-де ESG-облигацияларын шығару мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Соңында, қатысушылар Қазақстанда іске асыруды жоспарлап отырған экологиялық бағыттағы пікірлер, идеялар мен жобалармен алмасып, елдегі ESG – күн тәртібін ілгерілету үшін мемлекеттің, бизнестің және KASE сияқты инфрақұрылымдық институттардың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.