KZ
8 қараша 2025, 04:50
Қазақша
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

KASE мен Шанхай қор биржасы арасындағы серіктестік байланысты нығайту туралы

2025 жылғы 13 қазанда 2025 Stock Exchange International Workshop халықаралық форумы аясында Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Шанхай қор биржасының (SSE) өкілдерінің кездесуі өтті.

Тараптар Қазақстан мен Қытайдағы макроэкономикалық үрдістерді, капитал нарығындағы жаһандық трендтерді және биржалық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады. Цифрлық технологияларға, инновацияларға және инвесторлардың екі ел нарықтарына еркін қол жеткізуін арттыратын жаңа ынтымақтастық форматтарына ерекше назар аударылды.

SSE тарапынан қатысқандар:

Mr. Huo – төраға орынбасары

Mr. Zhu – Халықаралық департаменттің басқарушы директоры

Ms. Sheng Yi Ru – Халықаралық департамент

KASE тарапынан:

Айнагүл Ысқақова – KASE Басқарма төрағасының орынбасары

Идель Сабитов – KACC Басқарма төрағасының орынбасары

Александра Юн – R&D орталығының басшысы

Ақмарал Сабырбаева – IR офицері

Бұл кездесу KASE мен SSE арасындағы серіктестік байланысты одан әрі нығайтып, ашық, инновациялық және өзара байланысқан өңірлік капитал нарығын қалыптастыру жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.