KZ
30 мамыр 2025, 13:36
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

Эмитент "BI Development Ltd" күні

2025 жылғы 20 мамырда KASE Development Ltd. басшылығының қатысуымен «2024 жылғы қызметтің қаржылық нәтижесін шолу» тақырыбында «Эмитент күнін» өткізді. Іс-шара «Мирас» шағынауданындағы «President’s Park» тұрғын үй кешенінің аумағында өтті.

Алғашқы сөз кезегін BI Development South компаниясының Бас директоры Расул Мұстафин алып, биыл компанияның құрылғанына 30 жыл толғанын атап өтті. Оның айтуынша, компания үшін ESG-бағыт пен әлеуметтік жобалар – «Бигвилль» жобасы аясындағы мектептер мен балабақшалар құрылысы ерекше маңызға ие.

Оның ерекшелігі – мектептер, балабақшалар, жасыл саябақтар, дүкендер, ыңғайлы демалыс аймақтары мен жұмыс кеңістіктері қолсозым жерде орналасқан. Маңызды бағыттың енді бірі – «Қазақ тілі» халықаралық қоғамымен бірлесіп іске асырылып жатқан қазақ тілін дамыту жобасы.
BI Group компаниясының қаржы директоры Анастасия Ким Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Әзірбайжан сияқты жеті елде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді.

BI Development North компаниясының қаржы директоры Сәкен Әбілмәжінов 2024 жылдың негізгі операциялық көрсеткіштерін бөлісті. Сондай-ақ ол 2025 жылғы 29 мамырда KASE-де компания облигациялары екінші рет орналастырылатынын, орналастыру 18 млрд теңге көлемінде болады деп болжанып отырғанын атап өтті. Бірінші орналастыру 2024 жылғы қазанда болған.

Жалпы, спикерлер BI Development қызметінің қорытындысы және перспективасы туралы ақпаратты бөлісті, сондай-ақ облигациялық бағдарламалар мен стратегиялық жобалар туралы айтып берді.

Кездесудің модераторы KASE-нің Эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры Азиза Ордабаева болды.

Іс-шараға қатысушылар President’s Park жобасымен танысып, аталған тұрғын үй кешенінің аумағына саяхат жасады.

BI Development компаниясы – Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы ірі құрылыстарды салушы. Оның басты мақсаты – тұрғын үй мен коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысы сапасының жоғары стандартын қамтамасыз ету. Компанияның активінде 100 жоба бар. Қызметін бастаған уақыттан бері компания 8 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салған.