KZ
10 қазан 2025, 21:40
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

KASE "Marden Property" компаниясымен бірге "Эмитент күнін" өткізді

9 қыркүйекте KASE Қазақстандағы коммерциялық жылжымайтын мүлік саласының көшбасшысы, еліміз бойынша жалпы көлемі 700 мың м²-ден астам 81 нысанды басқаратын Marden Property компаниясының басшылығымен бірге Эмитент күнін өткізді.

Marden Property басшылығы компания дамуының жаңа кезеңі – KASE-де облигация шығару туралы және Қазақстандағы алғашқы REIT (Real Estate Investment Trust) – жылжымайтын мүлікке инвестициялық қор құру жөніндегі жоспарларын бөлісті. Бұл құрал инвесторларға коммерциялық немесе тұрғын үй жылжымайтын мүлкіне инвестиция салуға мүмкіндік береді.

Marden Property компаниясының негізін қалаушы Жұлдыз Какенов осы мақсаттарды іске асыру үшін компанияның Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (ҚНРДА) 100 млн АҚШ долларына облигациялық бағдарламаны тіркегенін және ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізгенін атап өтті. Ол REIT форматының бүкіл әлемде сенімді әрі сұранысқа ие құрал ретінде өз тиімділігін дәлелдегенін айтты. Компания алдағы уақытта 15–20 нысаннан тұратын портфельді қалыптастыруды, қордың құрылымын толық аяқтауды және екі жыл ішінде оны IPO-ға шығаруды жоспарлап отыр.

Alatau City Invest андеррайтер-компаниясының басқарушы директоры Санжар Оспанов эмитентті таңдаған кезде бизнес сапасы мен адалдығына ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Marden Property 20 жылдық дерлік тәжірибесін, ашық қаржылық көрсеткіштерін және тәуекелді мұқият есептегенін көрсетті. Бұл инвесторлардың сенімін қамтамасыз етеді. Компанияның қолдауымен шығарылым қысқа екі жыл айналым мерзімімен АҚШ долларымен жүзеге асырылып, ай сайынғы купондық төлемдер мен тартымды кірістілікті көздейді.

Marden Property бес жылдан бері аудиттен өтіп, несиелік рейтинг алуды жоспарлап отыр. Бұл компания бизнесінің ашықтығын арттыруға және инвесторлардың сенімін нығайтуға ықпал етеді.