KZ
8 қараша 2025, 04:50
Қазақша
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

Қазақстан қор биржасында (KASE) Азия даму банкінің (АДБ) және Amanie Advisors компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

Қазақстан қор биржасында (KASE) Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды дамытуға арналған Азия даму банкінің (АДБ) және Amanie Advisors компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Талқылау барысында халықаралық сарапшылар мен Биржа командасы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстармен алмасып, Қазақстанда исламдық қаржыландыруды белсенді дамыту үшін қажет негізгі қадамдарды айқындады.

Бұл бастама инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және тұрақты әрі этикалық қаржыландыру қағидаттарына негізделген жаңа құралдарды енгізуге бағытталған.