KASE “KASE Day in Baku” өткізді

2025 жылғы 22 мамырда Қазақстан қор биржасы (KASE) Әзербайжан Республикасының Баку қаласында “KASE day in Baku” іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – KASE мен Баку қор биржасы арасындағы достық байланысты нығайту және халықаралық ынтымақтастықты күшейту.
Іс-шараға әзербайжандық ірі компаниялардың өкілдері, эмитенттер, инвесторлар және жергілікті нарықтың кәсіби қатысушылары қатысты.
Іс-шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлегендер:
• Ермек Мәжекенов, KASE-нің Басқарма төрағасының орынбасары;
• Октай Гасымов, Баку қор биржасының Басқарма төрағасының орынбасары және бас коммерциялық директоры.
KASE делегациясының мүшелері:
• Азиза Ордабаева, Эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры;
• Жұлдыз Мажирина, Эмитенттер мен биржа мүшелеріне мониторинг жүргізу департаментінің директоры;
• Жансая Қарабаева, Ақпарат және статистика департаменті директорының орынбасары.
Олар қатысушыларға KASE қызметінің нәтижелері, қазақстандық биржа нарығының даму перспективалары, қаржы құралдары мен KASE ұсынатын қызметтер туралы баяндады.
“KASE day in Baku” іс-шарасына Қазақстан тарапынан шақырылған спикерлер:
• Тимур Сәлімов, “Jusan Invest” АҚ Басқарма төрағасы;
• Әлібек Уразақов, “BCC Invest” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
• Артём Малых, “BCC Invest” АҚ өнімдер бойынша маманы;
• Михаил Новоселов, Freedom Finance компаниясының сыртқы байланыстар жөніндегі атқарушы директоры.
Олар Қазақстандағы қарыз капиталы нарығы, акциялар нарығы және бастапқы орналастыру туралы ақпаратпен бөлісті.