KASE "ҚазТрансОйл" АҚ-пен бірге "Эмитент күнін" өткізді

29 тамызда Қазақстан қор биржасы алаңында "ҚазТрансОйл" АҚ-тың инвесторлармен, нарық қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті.
Модератор болды: Айнагүл Ысқақова, KASE Басқарма төрағасының орынбасары.
Спикерлер: Әміржан Оспанов – бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Алмас Оңғарсынов – корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директор.
Кездесу барысында:
– компанияның 2025 жылдың I жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы;
– негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштер;
– күрделі салымдар мен тарифтер туралы ақпарат берілді.
"ҚазТрансОйл" АҚ дәстүрлі түрде Эмитент күндеріне қатысып, өз ашықтығын, айқындығын және корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына берік ұстанымын көрсетіп келеді.
Мұндай іс-шаралар компанияның инвесторлармен, кәсіби қауымдастықпен және БАҚ-пен диалогын нығайтады.