KZ
14 қыркүйек 2025, 08:10
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

KASE Football Cup 2025: "KEGOC" АҚ командасының жеңісі

Алматыда 06-07 қыркүйекте KASE Football Cup 2025 жыл сайынғы чемпионаты өтті, оған банктердің, қаржы ұйымдарының, эмитент компаниялардың, сондай-ақ биржаның мүшелері мен серіктестерінің командалары қатысты. Турнир Freedom Broker және Halyk Finance қолдауымен ұйымдастырылды.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша бірінші орынды "KEGOC" АҚ командасы, екінші орынды "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, үшінші орынды KMF Банк иеленді.

Қазылар алқасы "Үздік қорғаушы" номинациясында  Банк командасынан Мақсұт Сүлейменді, "Үздік қақпашы" номинациясында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ командасынан Серікбай Жұмағалиді, "Үздік бомбардирлер" номинациясында Сабыр Мадиярды атап өтті. "KEGOC" АҚ командасынан Әшім Жекебатыров турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Чемпионаттың ашылуында KASE Басқарма төрағасының орынбасары Жайнар Саржақов осындай турнирлердің маңыздылығын атап өтті: "Бұл турнир реттеушілерді, кәсіби қатысушыларды, клиенттер мен серіктестерді біріктіретіндіктен, елдің қор нарығы үшін маңызды оқиға болды. Футбол тек ойын ғана емес. Бұл стратегия, сенім, өзара қолдау және жеңіске ұмтылу туралы. Бізді кәсіпте де, алаңда да біріктіретін нәрселердің бәрі".

 Жарысқа барлығы 28 команда қатысты:

·         Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;

·         ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;

·         «Қазақстан қор биржасы» АҚ;

·         «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ;

·         «Банк ЦентрКредит» АҚ;

·         BCC Leasing;

·         «Қазақтелеком» АҚ;

·         «Қазпочта» АҚ;

·         «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;

·         «Halyk Finance» Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы» АҚ;

·         «ОнлайнҚазҚаржы МҚҰ» АҚ (Solva);

·         «KMF Банк» АҚ;

·         «Altyn Bank» АҚ;

·         «Bank RBK» АҚ;

·         «Bereke Bank» АҚ, «Alatau City Bank» АҚ;

·         «Kaspi.kz» АҚ;

·         «KEGOC» АҚ;

·         «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ;

·         «DAMU» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ;

·         «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ;

·         «Фридом Банк Қазақстан» АҚ;

·         «Freedom Life» ӨСК» АҚ;

·         Freedom Broker;

·         «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ;

·         «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ;

·         «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ;

·         «Нұрбанк» АҚ.

 

Іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы мен қатысушылардың кең ауқымы KASE Football Cup мәртебесін еліміздің қор нарығындағы негізгі спорттық жарыстардың бірі ретінде растады. Турнир корпоративтік байланысты нығайтып қана қоймай, спорттың кәсіби қоғамдастықты адал ойын, серіктестік және жаңа жетістіктерге ұмтылу сияқты жалпы құндылықтар төңірегінде біріктіруінің жарқын үлгісіне айналды.