KZ
19 шілде 2025, 10:00
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

KASE 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы биржалық қызметтің негізгі қорытындыларына арналған баспасөз конференциясын өткізді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың алғашқы алты айындағы биржа нарығы қызметінің негізгі қорытындысына арналған баспасөз конференциясын өткізді. Іс-шараға KASE Басқармасының төрағасы Әділ Мұхамеджанов қатысты.

KASE-дегі жалпы сауда-саттық көлемі 176,1 трлн теңге болып, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9% немесе 11,1 трлн теңгеге азайды.

Жыл басынан бері KASE индексі 7,9% өсіп, 6 018,56 тармаққа жетті.

Акция нарығының капитализациясы жыл басынан бері 3,4% немесе 1,1 трлн теңгеге ұлғайып, 34,0 трлн теңгені құрады. Сауда-саттық жасалған корпоративтік борыш құралдарының көлемі 0,3% өсіп, 13,7 трлн теңгеге жетті.

2025 жылдың басынан бері 11 жаңа эмитенттің корпоративтік облигациялары листинг рәсімінен өтті.

2025 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі бойынша KASE-нің сауда-саттық тізімінде 263 эмитенттің 804 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болған.