KZ
11 мамыр 2025, 19:29
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

Вебинар "Инвесторларға макроэкономика жайында"

Қымбатты достар! Сіздерді 2025 жылғы 23 мамырда онлайн-форматта өтетін макроэкономикалық факторлардың инвестициялық шешім қабылдаудағы рөлі жөніндегі KASE-нің жаңа вебинарына шақырамыз.

Инвестициялық қызметтiң тиiмдiлiгi мен кiрiстiлiгi көп жағдайда инвестордың қаржылық есептiлiктi ғана емес, сыртқы экономикалық ортаның әсерiн де талдау қабiлетiне байланысты.

Вебинарда сіз:

∙ "Инвесторлар үшін макроэкономика" дегеніміз не?
∙ Инвестициялық тартымдылықты бағалау үшін қандай экономикалық индикаторлар маңызды?
∙ Нарық макроэкономикалық ауытқу кезінде қалай әрекет етеді?
∙ Акция таңдаған кезде макрофакторларды неліктен елемеуге болмайды?

Вебинардың спикері Ілияс Саутов, Investment Banking Associate Director, UBS (Нью-Йорк) сөз сөйлейді.

Ол – Назарбаев Университеті мен Queen Mary University of London магистратурасының Law and Economics бағдарламасы бойынша түлегі. 2023 жылы Cornell University (АҚШ) MBA аяқтады. Бұған дейін "Бәйтерек" ҰБХ және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жүйесінде жұмыс істеген.

Тіркелу сілтемесі.