KASE "KASE Day in Tashkent" өткізді

2025 жылғы 17 сәуірде Қазақстан қор биржасы (KASE) Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында «Ташкенттегі KASE күнін» өткізді.
Бұл іс-шара өзбек компаниялары үшін биржа мүшесі болу мүмкіндіктері, Қазақстанның қор нарығында қаржыландыру тарту және уақытша бос қаражатты KASE нарықтарында инвестициялау шарттары туралы ақпарат беруге бағытталған. «Өзбекстан республикасының валюталық биржасы» АҚ (UZCE) бас директоры Рашид Усманов құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара спикерлері:
Ермек Мәжекенов, KASE Басқарма төрағасының орынбасары;
Аңсар Әбуев, Freedom Finance Global PLC аналитигі;
Әзиза Ордабаева, KASE-нің Эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры;
Жұлдыз Мажирина, KASE-нің Эмитенттер мен биржа мүшелеріне мониторинг жүргізу департаментінің директоры;
Елдос Қуанышбеков, KASE-нің ІТ жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі;
Әлібек Оразақов, «BCC Invest» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
Нұрлан Асылбеков, «SQIF Capital» АҚ Басқарма төрағасы.
«Ташкенттегі KASE күні» барысында KASE өкілдері аудиторияға KASE қызметінің нәтижелері, Қазақстанның биржа нарығының даму перспективалары, қаржы құралдары мен KASE көрсететін қызметтер туралы айтып берді.
Іс-шараға өзбекстандық ірі компаниялардың өкілдері, эмитенттер, инвесторлар және жергілікті нарықтағы кәсіби қатысушылар қатысты.