KASE-де қызметкерлерге арналған Townhall өтті

2025 жылғы 17 қарашада Қазақстан қор биржасында (KASE) Биржаның туған күніне орай қызметкерлерге арналған Townhall-кездесу өтті. Іс-шараны Биржа Басқармасының төрағасы Әділ Мұхамеджанов өткізді, сондай-ақ оған Клиринг орталығы KASE Басқармасының төраағасы Наталья Хорошевская қатысты.
Кездесу барысында KASE-нің 2025 жылдың алғашқы 9 айындағы негізгі жетістіктері баяндалды: негізгі бағыттар бойынша өсу динамикасы, белсенді цифрландыру, жаңа сервистер мен өнімдердің ендірілуі, сондай-ақ команданың жоғары деңгейдегі кәсібилігі мен қызығушылығы ерекше атап өтілді.
Townhall шеңберінде стратегиялық міндеттер талқыланды: Биржаны одан әрі дамыту, жаңа бастамаларды іске қосу, жұмыс тиімділігін арттыру және корпоративтік мәдениетті қолдау. Әсіресе пікір алмасу, идеялар іздеу және бірлескен шешімдер қабылдау, soft және hard skills мәселелері, ішкі процестерді жетілдіру және кәсіби өсу мүмкіндіктері назарға алынды.
Кездесу ашық сұхбат форматында өтіп, әр қатысушы өз ойын ашық ортаға салды. Сонымен қатар іс-шара аясында қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Биржаның дамуына елеулі үлес қосқан, инновация мен бастамашылдық танытқан әріптестер лайықты марапаттарын алды.