KZ
9 мамыр 2025, 13:09
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

KASE “Эмитенттердің қор нарығындағы ақпаратты ашып көрсетуі” атты вебинар өткізді

2025 жылғы 15 сәуірде Қазақстан қор биржасы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп “Эмитенттердің қор нарығындағы ақпаратты ашып көрсетуі” тақырыбында вебинар өткізді.

🔸Вебинардың спикерлері: ҚНРДА Бағалы қағаздар эмитенттеріне мониторинг жүргізу және реттеу басқармасы бастығының орынбасары Индира Суанбекова, ҚНРДА Бағалы қағаздар эмитенттеріне мониторинг жүргізу және реттеу басқармасының бас маманы Динара Қанатбаева және Эмитенттер мен Биржа мүшелеріне мониторинг жүргізу департаментінің директоры Жұлдыз Мажирина.

🔸Іс-шараның модераторы Эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры Азиза Ордабаева болды.

🔸Сарапшылар ақпаратты ашып көрсету ережелері мен тәртібі туралы ақпаратты бөлісті, бұл бағалы қағаздарды табысты орналастыру үшін ғана емес, сондай-ақ қор нарығында одан әрі айналыста өтімділікті қолдау үшін қажет шарт екенін атап өтті. Сондай-ақ олар ақпаратты ашып көрсету мерзімін бұзғаны үшін қандай жаза түрлері көзделгенін айтып берді.

Егер осы тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса, оларды monitoring@kase.kz және customers@kase.kz электрондық поштасына жазуға болады.