Сауда-саттық ақпарат

Тарих

1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді. 1993 жылдың 17 қарашасында шетел валютасының сауда-саттығын ұйымдастыру үшін Қазақстандық банкаралық валюталық биржасы құрылып, бірнеше жылдан кейін оның атауы Қазақстан қор биржасы деп өзгертілді.

Құрылған сәттен бастап KASE Қазақстандағы қор және валюталық нарықтарға қызмет көрсететін, қаржы нарығының ажырамас инфрақұрылымы болып табылатын және отандық экономикада маңызды орын алатын, жалғыз биржа болып табылады.

KASE және, көбі соның акционерлерлері болып табылатын, кәсіби қатысушы – Биржа мүшелерінің арасында тарихи қалыптасқан серіктестігі коммерциялық компания ретінде Биржаның мүддесі мен, оның қызметтерін тұтынатын, Биржа мүшелері арасында өзара тиімді теңгерімге қолжеткізеді.

Бүгін KASE – жай ғана биржа емес. Тарихымызды, біздің қызметкерлеріміздің бірегей білімдерін және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының сенімді серіктестігін жоғары бағалаймыз. KASE Қазақстанның биржалық нарығының тартымдылығын арттыру мақсатында өз қызметінің стандарттарын жетілдіріп отырады және басқа қатысушылар үшін корпоративтік басқару және ақпараттық айқындық бөлігінде үлгі болуға ұмтылады.

KASE дамуының негізгі кезеңдері

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

"Қазақстандық Банкаралық Валюталық Биржа" атауымен валюталық биржасының құрылуы. Жаңа биржаның алдына қойылған мақсаты теңгенің енгізілуіне байланысты ұлттық валюталық нарықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады

Шетелдік валютасы – АҚШ долларының алғашқы сауда-саттығы

Биржаның атауына "Қазақстандық Банкаралық Валюталық Биржа" деп өзгерту

Биржаның атауына "Қазақстандық банкаралық валюта-қор биржасы" деп өзгерту

Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің және Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің ноталарының алғашқы сауда-саттығы

Биржаның атауы "Қазақстан қор биржасы" (KASE) деп өзгерту

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыру бойынша шектелмеген лицензиясын алу

Туынды қаржы құралдары (Теңгенің АҚШ долларына бағамына фьючерс) алғашқы сауда-саттықтары

Листингілік акциялардың, мемлекеттік акциялар пакеттерімінің, дистингілік емес бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттықтары

Биржада "тікелей" мәмілелер жүйесін іске қосу

Қазақстанның егемен еурооблигацияларының алғашқы сауда-саттықтары

Муниципалдық облигациялардың және листингілік облигациялардың алғашқы сауда-саттықтары

"Тікелей" репо нарығын іске қосу

KASE_Shares индикаторын іске қосу

Қазақстандық банкаралық депозиттер нарығының мөлшерлемелері индикаторларының сериясын – KIBOR, KIBID, KIMEAN іске қосу

Корпоративтік облигациялардың алғашқы орналастырылуы

МБҚ-мен "автоматты" репо нарығын іске қосу

Халықаралық қаржы ұйымдары (ХҚҰ) облигацияларының нарығын іске қосу

Корпоративтік облигациялар индикаторларының сериясын – KASE_BC, KASE_BP, KASE_BY іске қосу

Репо операцияларының алғашқы ииндикаторы – TONIA іске қосу

Алғашқы  рекорд – барлық операциялардың көлемі бір триллион теңгеден асты

Вексельдердің алғашқы сауда-саттығы

ББҚ-мен "автоматты" репо нарығын іске қосу

"eTrade.kz" (интернет-трейдинг жүйесі) жобасын іске қосу

Шетелдік эмитенттердің беймемлекеттік бағалы қағаздарының алғашқы сауда-саттығы

Биржада МЕУЖКАМ (ұзақ мержімді мемлекеттік облигациялары, купоны инфляция деңгейі бойынша индекстеледі) алғашқы орналастырылуы

Шетелдік корпоративтік облигацияларының алғашқы сауда-саттығы

"ҚахМұнайГаз" АҚ IPO 

"Қазақтелеком" АҚ IPO

KASE негізінде Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңын (шетелдік эмитенттер мен инвесторларды тарту үшін)  құру

Акциялар нарығында, KASE_Shares индексінің сандық қатарын жалғастырған, жаңа индекс – KASE Индексін іске қосу

KASE коммерциализациясы

Қазақстандық банкаралық депозиттер нарығында KazPrime-3M ақша орналастыру мөлшерлемелері бойынша орташа мән индикаторын жариялаудың басталуы

Құймалардағы тазартылған алтынға фьючерстердің алғашқы сауда-саттықтары

Валюталық своп опеарциялар нарығын іске қосу

Жаңа Листингілік ережелердің әзірлеу және қолданысқа енгізу

KASE негізгі сауда-саттық алаңы мен АӨҚО АСА біріктіру арқылы нарықтың бірлігін қалпына келтіру

Репо операциялары нарығының жаңа индикаторы – TWINA іске қосу

"Тікелей" репо нарығында міндеттемелерді қайта бағалау және өтемақылық төлемдер жүйесін қолданысқа енгізу

Тәуекел-менеджементінің жаңа жүйесін қолданумен жаңартылған деривативтер нарығын іске қосу (АҚШ долларының теңгеге бағамына және KASE Индексінің мәніне есептесу фьючерстерінің сауда-саттығын ашу)

Dow Jones FEAS Titans 50 және S&P/OIC COMCEC 50 Shariah индекстерінің қатысушылары тізіміне  KASE енгізілу

Толық алдын ала қамтамасыз етілген Т+0 есептесулер (гросс)  сызбасы бойынша бағалы қағаздар сауда-саттығының жүйесін іске қосу

Жаңа көпфункцялы интернет-трейдинг жүйесі – "Strade" жасау

KASE қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті атқару және банктік операцияларының кейбір түрлерін (заңды тұлғаларға банктік шоттар ашу және жүргізу) жүзеге асыруға лицензия алуы

KASE құрылымында Клирингілік  палатасын құру

"Kcell" АҚ IPO

"Халықтық IPO" Бағдарламасы шегінде "ҚазТрансОйл" АҚ IPO

Дүниежүзілік биржалар федерациясы (WFE) толық мүшесі мәртебесін алу

Биржаның банктік қызметті жүргізуге лицензия алуы шегінде автоматтандырылған банктік жүйесін жасау

Қазақстандық теңге / қытай юані валюталық жұбы сауда-саттықтарының ашылуы

SWAP-1D және SWAP-2D валюталық своп операцияларының кірістілік индикаторларын іске қосу

MM Index (money market index) қысқа ақшаның биржалық нарығы индикаторын іске қосу

"Халықтық IPO" Бағдарламасы шегінде "KEGOC" АҚ IPO

KASE валюталық нарығы үшін NEXT сауда-саттық терминалын эксплуатацияға енгізу

KASE Индексінің акцияларын Т+2 есептесу сызбасына ауыстыру

БҰҰ "Тұрақты қор биржалары" бастамасына қосылу

"БАСТ" АҚ IPO

"Ақтөбе металлды конструкцияларының зауыты" АҚ IPO

KASE дамуының жаңа стратегиясын іске асыруды бастау

KASE брендін жаңарту

"Қор нарығы: кәсіпкерлік үшін жаңа көкжиектер" оқу бағдарламасын іске қосу

Коммерциялық облигациялардың Биржада алғашқы рет орналастырылуы ("ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ, "СевКазЭнерго" АҚ, "Исткомтранс" ЖШС)

Қор нарығында өтінімдер мен мәмілелер бойынша маржалау үшін бірыңғай шектелімдер жүйесін енгізу

KASE қор нарығында бірінші шетелдік брокер – "УНИВЕР капитал" КАҚ пайда болды

Кіші және орта бизнес компанияларының бағалы қағаздары үшін жеке сауда-саттық алаңын құру үшін KASE ресми тізімінің құрылымы өзгертілді

"Астана банкі" АҚ IPO