Сауда-саттық ақпарат

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстанның қор нарығы АҚШ немесе Еуропа нарықтарымен салыстырғанда әлі өте жас болғандықтан, Forex сияқты дамыған халықаралық нарықтарымен теңкелу қиын. Егер нарықтардың даму тарихын, ұсынылатын қаржы құралдарының көлемдері мен санын қарасақ, Қазақстанда олардың саны әлдеқайда аз екені көзге түседі, сонымен қатар, дамып келе жатқан нарықтарға тән, кейбір нормативтік шектеулері бар. Жеке және заңды тұлғалар үшін интернет арқылы KASE қор нарығында және деривативтер нарығында сауда-саттық жүргізу мүмкіншілігі STrade биржалық бағдарламалық өнімі арқылы іске асырылады. Бұдан басқа, брокер - Биржа мүшелері ұсынатын, өзге де жүйелер қолданыста бар. STrade – KASE мүшесі болып табылатын, брокердің клиенттері KASE ауналысытндағы қаржы құралдарын интернет арқылы сатып алуға немесе сатуға өз клиенттік тапсырыстарын беруге көмектесетін, сауда-саттық терминалы. KASE еншілес ұйымы – "eTrade.kz" ЖШС әзірлеген Strade өнімімен нақтырақ http://www.etrade.kz/products/strade мекен-жайында танысуға болады. STrade мүмкіншіліктерін практикада үйрену KASE Оқу Сауда-саттық Жүйесінде (ОСЖ) http://www.etrade.kz/products/strade/lts и edu.kase.kz бойынша қолжетімді.
Иә. Семинарлардың анонстары жаңалықтар лентасында жарияланады.. Бұдан басқа, қалағандар KASE Оқу сауда-саттық жүйесімен нақты уақыт тәртіптемесінде танысып, виртуалды ақшаларды қолдана отырып биржалық сауда-саттығында өз күшін сынай алады.
Оны мына жерден үйренсеңіз болады.
Биржада бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату үшін, биржаның тиісті санатындағы мүшесі болып табылатын, ұйымға жүгінуіңіз керек. Биржа мүшелерінің тізімі, олардың мүшелік санаттары мен телефондары көрсетіліп, осы жерде жарияланған.
Интернет–трейдинг жүйесі – STrade сатып алу үшін Сіз, өз клиенттеріне Интернет-трейдинг қызметін көрсететін, брокер–KASE мүшесіне жүгінуіңіз керек. Осындай брокерлік ұйымдардың тізімі http://www.eTrade.kz/products/strade мекен-жайында жарияланған.
Қазақастан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңына сәйкес, бағалы қағаздар нарығында тек бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ғана қызмет ете алады. Биржа тек сауда-саттық ұйымдастырушысы – нарықтың кәсіби қатысушылары бағалы қағаздарды сататын және сатып алатын, алаңы болып табылады.

Қор биржасы өзінің бағалы қағаздарын эмитент ретінде шығарып, сата алады, сондай-ақ өзге эмитенттердің бағалы қағаздарын инвестор ретінде өкілетті брокер арқылы сатып алып, сата алады.
Бағалы қағаздар биржаның ресми тізіміне енгізілуі немесе, "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілуі мүмкін.

Бағалы қағаздарды биржаның ресми тізіміне енгізу Листингілік ережелерде анықталған.

Бағалы қағаздарды "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберу рұқсаттамасын беру процедурасы Бағалы қағаздарды "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберу ережелерінде анықталған.
Жоқ. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, биржа өткізетін сауда-саттыққа, тек тиісті санаттағы биржа мүшелері, соның ішінде өз есебінен және, өз клиенті болып табылатын, үшінші жақтардың мүддесі үшін, қатыса алады. Жеке тұлғалар сауда-саттыққа тек, биржа мүшесі болып табылатын, брокерлік ұйымдар арқылы қатыса алады.
Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашысы Листингілік ережелердің 14 бабының 1 ттармағына сәйкес бағалы қағаздарды биржаның ресми тізіміне тиісті санат бойынша енгізу туралы өтініші мен, тізімі Листингілік ережелердің 24 бабында белгіленген, құжаттар жиынтығын ұсынуы тиіс.
Бағалы қағаздарды биржаның ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті қарау және тиісті тұжырымдаманы дайындау мерзімі Листингілік ережелердің 14 бабында белгіленген.

Листингілік ережелердің 14 бабына сәйкес, бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу мүмкіншілігі немесе, Қазақстан Республикасынан басқа, мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылатын (шығарылған), облигацияларды ресми тізімге енгізуге биржаның келісімін беруі, немесе бағалы қағаздарды ресми тізімнің төменірек санатынан (санатшасынан "буферлік санатынан") жоғарғысына ауыстыру туралы тұжырымдамасы, тиісті өтініш қарауға берілгеннен кейін жиырма жұмыс күн аралығында дайындалуы тиіс.

Бұл ретте эмитенттің және/немесе оның бағалы қағаздарының листингілік талаптарына сәйкессіздігі жағдайында, өтінішті қараудан уәжделген бас тарту, осындай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн мерзімінде дайындалады.
Бағалы қағаздардың сауда-саттығы осы бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашысының және олардың маркет-мейкерінің (егер листингілік талаптарға сәйкес оның бар болуы міндетті болса) өтініші негізінде ашылады.

Егер Листингілік комиссияның бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы шешімі өз күшіне енген күннен бастап үш ай бойы осы қағаздар бойынша сауда-саттық ашылмаса, Листингілік комиссияның жуырдағы отырысында осы бағалы қағаздардың делистингі туралы сұрақ қаралады.
Листингілік келісім-шарт рұқсаттама бастамашысының осы бағалы қағаздардыңресми тізімде болу мерзімі бойы ақпараттарды ашу бойынша міндеттері мен жауапкершілігін, сондай-ақ биржаның құпия ақпараттарды сақтау шарттарын анықтайды.

Биржа листингілік келісім-шартты бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтініш қарауға алынғаннан кейін ұсынады.
Бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізіліп, осында болуы үшін, осы бағалы қағаздардың эмитенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылдың 29 наурызындағы "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы мамандандырылған сауда-саттық алаңына қаржы құралдарды жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" № 87 қаулысында) белгіленген біліктілік талаптарға сай, аудиторлық ұйымның бірінде жыл сайын аудит өтуі тиіс.

KASE мойындайтын, аудиторлық ұйымдардың тізімі және, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылдың 29 наурызындағы № 87 қаулысымен бекітілген Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы мамандандырылған сауда-саттық алаңына қаржы құралдарды жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын тиісті біліктілік талаптары осы жерде жарияланған..
Алдын ала тұжырымдама беру Листингілік ережелердің 13 бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Листингілік ережелердің 11 бабына сәйкес, қаржылық емес ұйымның бағалы қағаздарын биржаның ресми тізіміне енгізу сұрағы тек осы қаржылық емес ұйымның бағалы қағаздарын биржаның ресми тізіміне енгізу мүмкіншілігі туралы биржаның тұжырымдамасын алу бойынша құжаттар дайындауда қаржылық кеңесші қатысса ғана қаралады.

Қаржылық ұйымдар, сондай-ақ бағалы қағаздары листингті жеңілдетілген процедура бойынша өтетін, ұйымдар үшін қаржылық кеңесшінің бар болуы міндетті емес.
Листингілік ережелердің 11 бабына сәйкес қаржылық кеңесші ретінде, тек биржаның ресми тізіміне енгізілген беймемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттығына қатысуға құқылы және бірінші санаттағы бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті (номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізуге құқығымен) жүзеге асыруға лицензиясы бар, биржа мүшелері ғана бола алады.

Қаржылық кеңесшіні таңдау бойынша биржа нұсқау бермейді.
Листингілік және басқа да ұқсас алымдардың көлемі, төлеу мерзімі және тәртібін анықтау ережелеріне сәйкес биржа листингілік алымдардың мынадай түрлерін алады:

Эмитенттердің рейтингтері туралы ақпарат биржаның Интернет–сайтында http://kase.kz/kz/emitters мекен-жайында жарияланған.
Бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтініште өзгесі көрсетілмесе, листингілік алымдарды осы бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашысы төлейді. Егер листингілік алымдардың төлеушісі рұқсаттама бастамашысы болмаса, листингілік алымдардың нақты төлеушісі биржаға листингілік алымдарды төлеу бойынша өзіне міндеттеме алуға жазбаша келісімін ұсынуы тиіс.


Задайте свой вопрос