KASE Қазақстанның қор нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін Биржа мүшелерін, листингілік компанияларды және БАҚ өкілдерін марапаттады

2026 жылғы 13 наурызда Қазақстан қор биржасы (KASE) 24-ші жыл сайынғы марапаттау рәсімін өткізіп, Қазақстанның қор нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін Биржа мүшелерін, листингілік компанияларды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін атап өтті.
Рәсім аясында нарық қатысушылары биржалық сауданы дамыту, андеррайтинг, маркет-мейкинг, қаржылық кеңес беру және нарықтың түрлі сегменттерін дамытуға қосқан үлесі үшін номинацияларында марапатталды.
Сондай-ақ эмиссиялық белсенділігі, ашықтығы және ESG-қаржыландыруды дамытуы үшін листингілік компаниялар, ал қор нарығы тақырыбындағы ақпараттық материалдарды кәсіби әрі белсенді жариялағаны үшін БАҚ өкілдері жеке марапатталды.
KASE капитал нарығының инфрақұрылымын дамытуды, сондай-ақ ашықтық пен орнықты даму қағидаттарының үздік тәжірибелерін қолдауды жалғастырады.