
Тұрақты даму облигациялары (ESG облигациялары) экология, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобаларды және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға бағытталған және жасыл облигацияларды, әлеуметтік облигацияларды және тұрақты даму жобаларын қаржыландыру мақсатында шығарылатын өзге де облигацияларды қамтиды.
Орнықты даму жобаларын қаржыландыру мақсатында шығарылатын жасыл, әлеуметтік немесе өзге де облигациялардың қолданылатын қағидаттар мен стандарттарға сәйкестік өлшемшарттарын тиісті уәкілетті орган немесе орнықты даму облигацияларын шығару арқылы қаржыландыруға жататын жобаларды тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйымдар айқындайды.
ESG бағытын дамыту мақсатында Биржа тұрақты даму облигацияларының эмитенттеріне листингілік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер, сондай-ақ тиісті консультациялық қолдау көрсетеді.
ESG облигацияларының негіздемелік саясаты компанияға қаражаттың мақсаттары мен қолданылуын анықтауға, ашықтықты, халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге және тәуелсіз бағалауды тартуға көмектеседі. Бекітілгеннен кейін тәуелсіз верификатор танылған принциптер мен стандарттарға (ICMA, CBI) сәйкестігін растайды.
ESG облигацияларын шығару проспектісін тіркеу үшін компания негіздемелік саясат пен тексерушінің тәуелсіз есебін ұсынады. Проспект қаражатты мақсатты пайдалану туралы ақпаратты және тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келетін жобалардың сипаттамасын қамтуы тиіс.
KASE-дегі ESG облигациялардың листинг тәртібі ақпаратты шығару және ашу жөніндегі уәкілетті орган талаптарын ескере отырып, қарапайым облигациялардың листинг тәртібімен сәйкес, бірыңғай болып табылады. Эмитент халықаралық танылған стандарттарға (ICMA, CBI) сәйкес жобаны тәуелсіз бағалау және негіздемелік саясат туралы құжатты KASE-ге ұсынады.
ESG облигацияларын орналастырғаннан кейін компания қаражаттың пайдаланылуын және олардың негіздемелік саясаттың мақсаттарына сәйкестігін тексеру үшін аудиторларды немесе уәкілетті ұйымдарды тартады. Тексеру нәтижелері мен қаражатты пайдалану және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу туралы ақпарат компанияның сайтында және KASE интернет-ресурсында жарияланады.
Code | Company | ISIN | Type |
KZ2P00011364 | облигациялар | ||
KZ2P00012297 | облигациялар | ||
XS2610164944 | халықаралық облигациялар | ||
XS2971950428 | халықаралық облигациялар | ||
XS2294363416 | халықаралық облигациялар | ||
XS2444205756 | халықаралық облигациялар | ||
KZ2P00010317 | облигациялар | ||
KZ2C00008605 | облигациялар | ||
KZ2C00009637 | облигациялар | ||
KZ2C00009645 | облигациялар | ||
Жаңалықтар
28.04.25 14:59 | |
28.04.25 14:38 | |
28.04.25 09:44 | |
25.04.25 15:52 | |
25.04.25 10:15 | |
25.04.25 10:07 | |
25.04.25 09:11 | |
24.04.25 19:36 | |
24.04.25 18:38 | |
24.04.25 18:32 | |