KZ
19 мамыр 2025, 21:30
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.05.2025 15:57 #Қаржы құралдары

19 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00013662 (JSBNb5) әлеуметтік облигацияларымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 16.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 19 мамырынан бастап "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00013662 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, JSBNb5; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 24.04.25-24.04.30; жарты жылдық купон; жылдық 16,50%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатыны туралы хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-05-16]