/KASE, 05.09.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
05 қыркүйегінен бастап "Sinoasia B&R (Синоазия Биендар)" АҚ (Алматы)
kz1p00014559 (KASE негізгі алаңы, "стандарт "санаты, SABRp)
артықшылықты акцияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталғанын
хабарлайды.
Аталған акциялармен сауда-саттық KASE-де 2023 жылдың 20 шілдесінен
бастап компанияның артықшылықты акцияларын оның жай акцияларына
жоспарланған айырбастау туралы хабарламасы негізінде тоқтатылды.
Бұдан бұрын осы тақырып бойынша KASE келесі жаңалықтары жарияланған
болатын:
- 2023 жылдың 19 шілдесінде "20 шілдеден бастап Қазақстан қор
биржасында "Sinoasia B&R (Синоазия Биендар)" СК" АҚ KZ1P00014559
(SABRp) артықшылықты акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады" –
https://kase.kz/kz/news/show/1505250/
- 2023 жылдың 11 шілдесінде "Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Sinoasia B&R (Синоазия
Биендар)" СК" АҚ акцияларын шығару проспектісіне өзгерістерді тіркеді –
https://kase.kz/kz/news/show/1504684/
[2023-09-05]