Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Sinoasia B&R (Синоазия Биендар)" СК" АҚ акцияларын шығару проспектісіне өзгерістерді тіркеді
/KASE, 11.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Sinoasia B&R (Синоазия Биендар)" СК" АҚ (Алматы) KASE-ге акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен бұрын берілген акциялардың орнын басатын 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсынды.
Аталған құжаттарға сәйкес::
- Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі компания акцияларын шығару проспектісіне өзгерістерді тіркеді;
- аталған куәлік компанияның жарияланған акцияларының санының артуына байланысты ауыстырылды және бұрын жарияланған 180 000 жай және 55 000 артықшылықты акцияларын ескере отырып берілді;
- шығарылым 260 000 жай акцияларға KZ1C00005388 және 55 000 артықшылықты акцияларға KZ1P00014559 бөлінген.
Аталған өзгерістер мына сілтеме бойынша жарияланды – толығырақ
[2023-07-11]