KZ
13 шілде 2025, 14:48
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.07.2023 17:18 #Қаржы құралдары

20 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында "Sinoasia B&R (Синоазия БиЭндАр)" СК" АҚ KZ1P00014559 (SABRp) артықшылықты акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 19.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 20 шілдесінен бастап KASE-де "Sinoasia B&R (Синоазия БиЭндАр)" АҚ (Алматы) KZ1P00014559 (KASE негізгі алаңы, "стандарт "санаты, SABRp) артықшылықты акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес компанияның артықшылықты акцияларын оның жай акцияларына жоспарланған айырбастау туралы компанияның хабарламасы негізінде тоқтатылды.

[2023-07-19]