KZ
9 мамыр 2025, 13:10
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

KASE-де оқу-жаттығу сауда-саттығының ашылу салтанаты өтті

2025 жылғы 1 сәуірде "Биржалық симулятор" жобасы аясында оқу-жаттығу сауда-саттығының ашылу салтанаты өтті.

Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру. Оқу-жаттығу сауда-саттығына барлық тілек білдіруші қатыса алады.

"Биржалық симулятор" KASE Mobile мобильді қолданбасындағы оқу-жаттығу сауда-саттығы жүйесінде сауда-саттық форматында іске асырылған. Қатысушылар акциялармен сауда жасауға және инвестициялауға дағдыланып, тәжірибе ала алады.


Тіркелу KASE Mobile мобильді қолданбасында жүргізіледі.
KASE Mobile арқылы қосылу жөніндегі нұсқаулықты Taplink-тен алуға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін
customers@kase.kz электронды пошта мекенжайына хабарласыңыз.