ESG Data Platform
Платформа KASE-де листингіден өткен компаниялардың тұрақты даму факторлары туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында олардың экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық аспектілеріне байланысты деректерге қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады
Платформа – KASE-дегі сауда-саттыққа жіберілген компаниялар туралы ESG-ақпарат көзі, ол жауапкершілікпен инвестиция салу қағидаттарына бағытталған инвесторлар үшін ресурс ретінде қызмет етед
KASE ұсынатын ESG Data Platform: орнықты даму деректеріне бір орталықтан қол жеткізу
Платформаны құру – Биржаның жауапкершілікпен инвестиция салуды ілгерілетуге, қаржыландырудың тұрақты инфрақұрылымын дамытуға және Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық ахуал құруға жұмсаған кешенді күш-жігерінің бір бөлігі.
Платформа төмендегілерге бір орталықтан қол жеткізуді қамтамасыз етеді:
-
KASE-дегі ESG-облигация шығарылымдары туралы деректер
-
KASE листингілік компанияларының қаржылық емес есептілігі мен ESG-есептілігі
-
ESG-ақпаратты дайындау және ашып көрсету бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
-
ESG бастамалары аясында KASE дайындаған аналитикалық және оқу материалдары
ESG жобаларын тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ететін ұйымдар
Орнықты даму облигацияларын шығару арқылы қаржыландыруға жататын жобаларды тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесі реттеушінің тиісті нормативтік-құқықтық актісімен айқындалған және, оның ішінде:
-
мақұлданған Халықаралық верификатор ретінде Климаттық облигациялар бастамасын Climate Bonds Initiative аккредиттеу туралы куәлігі бар халықаралық қаржы ұйымдары, халықаралық және Ұлттық аудиторлық ұйымдар, консалтингілік ұйымдар;
-
халықаралық қаржы ұйымдары, халықаралық және Ұлттық аудиторлық ұйымдар, халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының (ICMA) жасыл және әлеуметтік облигацияларының қағидаттарына сәйкес тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын консалтингілік ұйымдар (https://www.icmagroup.org/).
Ұйымдардың толық тізімі және тұрақты даму облигацияларын Биржаның ресми тізіміне енгізу тәртібі Листингілік ережелердің 11-1 бабында көрсетілген, олармен сілтемесі арқылы танысуға болады.



