KZ
RU
EN
28 қараша 2026, 19:20
KZ
RU
EN
Кіру
27.11.2026 11:59 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдардың бес облигациялар шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 27.11.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде мынадай облигацияларды орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі:

1) KZMJ00004513 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK046_451; 1 000 KZT, 4 000 000 000 KZT; 46 ай; жартыжылдық купон, жылдық 15,19 %; 30/360) Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 4 000 000 дана мөлшеріндегі облигациялары;

2) KZMJ00004521 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UTK046_452; 1 000 KZT, 721 466 000 KZT; 46 ай; жартыжылдық купон, жылдық 15,19 %; 30/360) Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органының 721 466 дана мөлшеріндегі облигациялары;

3) KZMJ00004539 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, UTK046_453; 1 000 KZT, 470 793 000 KZT; 46 ай; жартыжылдық купон, жылдық 16,51 %; 30/360) Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органының 470 793 дана мөлшеріндегі облигациялары;

4) KZMJ00004547 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KOK046_454; 1 000 KZT, 8 558 061 000 KZT; 46 ай; жартыжылдық купон, жылдық 16,51 %; 30/360) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының 8 558 061 дана мөлшеріндегі облигациялары;

5) KZMJ00004554 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KOK046_455; 1 000 KZT, 11 234 818 000 KZT; 46 ай; жартыжылдық купон, жылдық 15,19 %; 30/360) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының 11 234 818 дана мөлшеріндегі облигациялары.

Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін жүзеге асырылады, есеп айырысуларды жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 15:30.

Өтінімдегі баға ретінде бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың данамен көрсетілген саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лот мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көбейтіндісі көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген лимиттелген өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесу бағасы бойынша, қарсы өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа арналған бағалы қағаздарды шығару ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Көрсетілген облигациялардың шығарылымдары туралы неғұрлым толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-11-27]