KZ
RU
EN
27 қараша 2026, 11:07
KZ
RU
EN
Кіру
27.11.2026 10:15 #Сауда-саттық ақпараты

01 желтоқсанда KASE-де "Алтыналмас АК" АҚ-тың KZ2C00012953 (ALMSb1) 97 360 облигацияларын кері сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 27.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 01 желтоқсанда KASE сауда-саттық жүйесінде төменде келтірілген шарттармен "Алтыналмас АК" АҚ-тың KZ2C00012953 облигацияларын (KASE "Негізгі" алаңы, "облигациялар" санаты, ALMSb1) кері сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды (Астана қ. уақыты).

--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                купондық облигациялар
ISIN:                                   KZ2C00012953
KASE сауда коды:                        ALMSb1
Номиналды құны, АҚШ доллары:            100,00
Шығарылым көлемі, АҚШ доллары:
– тіркелген:                            100 000 000
– орналастырылған (номиналы бойынша):   98 211 200
Айналыс басталған күн:                  26.12.24
Айналыстың соңғы күні:                  25.12.27
Өтеу басталатын күн:                    26.12.27
Айналыс мерзімі:                        3 жыл (1 080 күн)
Купондық мөлшерлеме:                    жылдық 8,00 %
Купон төлеу кезеңділігі:                жылына 4 рет
Купон төлеу басталатын күн:             жыл сайын 26 наурыз, 26 маусым,
                                        26 қыркүйек және 26 желтоқсан
Уақыт базасы:                           30 / 360
--------------------------------------- ----------------------------------
Сауда-саттық күні:                      01.12.26
Өтеуге дейінгі мерзім:                  1,1 жыл (385 күн)
Номиналы бойынша кері сатып алуға       9 736 000
жарияланған көлем, АҚШ доллары:
Лот мөлшері, дана:                      1
Сауда-саттық нысанасы:                  "таза" баға
Сатып алуға берілетін өтінім түрлері:   лимиттелген
Өтінім беру тәсілі:                     ашық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:            10:00–12:00
Өтінімдерді растау уақыты:              10:00–12:00
Кесім уақыты:                          13:00 (Т+0)
Есеп айырысу өткізілетін күн мен уақыт: 01.12.26, 13:00
Өтінімдерді кесіп алып тастау әдісі:               бағалары кесім бағасына тең
                                        немесе одан жоғары өтінімдер
                                        алып тасталады
Өтінім бағаларына қарай лимиттелген     бірыңғай кесім бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
Оларды беру кезектілігіне қарай         қарсы өтінімдерді қабылдау уақыты
лимиттелген өтінімдерді қанағаттандыру  бойынша
тәсілі:
Сауда-саттық өткізу бастамашысы:        "SkyBridge Invest" АҚ
--------------------------------------------------------------------------

Өтінімдегі баға ретінде бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуге тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың данамен көрсетілген саны жазылуға тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе оның еселігі болуға тиіс.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көбейтіндісі көрсетілуге тиіс.

Мәміле көлемі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәміле сомаларын есептеу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес есептеледі.

Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүргізеді. Бағалы қағаздарды сатушы кестеде көрсетілген төлем уақытына қарай "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тағы өз шотында бағалы қағаздардың болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері бере алады. Басқа инвесторлар өтінімдерді осы заңды тұлғалар арқылы бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Сауда-саттық жүргізу ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Көрсетілген облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-11-27]