KZ
RU
EN
18 қазан 2026, 03:29
KZ
RU
EN
Кіру
05.10.2026 11:46 #Қаржы құралдары

05 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында 2026 жылдың қарашасында және 2027 жылдың қыркүйегінде орындалатын фьючерстермен сауда саттық ашылады

/KASE, 05.10.26/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылдың 05 қазанынан бастап келесі жеткізілмейтін фьючерстермен сауда саттық ашылады:

1) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ жай акцияларына, коды – HSBK-9.27, айналымның соңғы күні – 16 қыркүйек 2027 жыл;

2) "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акцияларына, коды – KZAP-9.27, айналымның соңғы күні – 16 қыркүйек 2027 жыл;

3) KASE Индексіне, коды – KX-9.27, айналымның соңғы күні – 16 қыркүйек 2027 жыл;

4) АҚШ долларының KZT-ге бағамына, коды – US-9.27, айналымның соңғы күні – 16 қыркүйек 2027 жыл;

5) Ресей рублінің KZT-ге бағамына, коды – RU-11.26, айналымның соңғы күні – 19 қараша 2026 жыл;

6) Ресей рублінің KZT-ге бағамына, коды – RU-9.27, айналымның соңғы күні – 16 қыркүйек 2027 жыл.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2026 жылдың 05 қазанынан бастап KASE-де келесі жаңа фьючерстермен сауда-саттық ашылады:

1) Қытай юанінің KZT-ге бағамына, коды – CN-12.26, айналымның соңғы күні – 17 желтоқсан 2026 жыл;

2) еуроның KZT-ге бағамына, коды – EU-12.26, айналымның соңғы күні – 17 желтоқсан 2026 жыл;

3) Қытай юанінің KZT-ге бағамына, коды – CN-3.27, айналымның соңғы күні – 18 наурыз 2027 жыл;

4) еуроның KZT-ге бағамына, коды – EU-3.27, айналымның соңғы күні – 18 наурыз 2027 жыл;

5) Қытай юанінің KZT-ге бағамына, коды – CN-6.27, айналымның соңғы күні – 17 маусым 2027 жыл;

6) еуроның KZT-ге бағамына, коды – EU-6.27, айналымның соңғы күні – 17 маусым 2027 жыл;

7) Қытай юанінің KZT-ге бағамына, коды – CN-9.27, айналымның соңғы күні – 16 қыркүйек 2027 жыл;

8) еуроның KZT-ге бағамына, коды – EU-9.27, айналымның соңғы күні – 16 қыркүйек 2027 жыл.

KASE қазіргі уақытта туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық KASE-де жұмыс күндері Астана қ. уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы сауда- саттық бойынша клирингілік сессия – Астана қ. уақытымен 20:30-дан 21:00-ге дейін өткізілетінін еске салады.

Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа "туынды құралдар" санатындағы KASE мүшелері қатыса алады, олардың тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

KASE-дегі фьючерстердің сауда-саттық нәтижелері мына сілтемелер бойынша жарияланады толығырақ және толығырақ

KASE деривативтер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін Сауда-саттық регламенті және қаржы құралдарының параметрлері мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ ("Сауда-саттық" қалташасы).

[2026-10-05]